Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш «Дайдидауды» орындап болған соң еңкілдеп жылаған

Қазақ әнін 2 миллиард халыққа паш еткен Димаш Құдайберген өз орындауынан кейін сахна сыртына барып, еңкілдеп жылаған. Себебі оның ең әуелгі мақсаты орындалды. Ол қытайларға, қала берді бүкіл әлемге қазақ әнін, қазақ күйін тыңдатты.

димаш димаш

Бұл туралы Димаштың жақын досы әрі ресми өкілі Алпамыс Шәрімов жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

«Кешір Димаш! Бір сырымызды бөлісемін: Саxна сыртына келіп мені құшақтап жылап алды. Еңкілдеп тұрып жылаған Димаш “мақсатым осы болатын еді ғой, досым” деп ағынан жарылды! Димаштың осыншама толқығанын бұрын көрмеп едім. Расымен де, саxнада толқып тұрды, кәсіби күйші болмаса да “Адайды” тартты! 24 сағат қасында жүрген “мен білемін” деп айта аламын: Бүгінгі күн ол үшін ерекше болды! Димаштың өнері көрсеткеніне бір күн өтпей қытай сайттары қазақтың аспаптарын зерттеп жатыр. Бір ғанибет! “Адажио” болсын “S.O.S” – те де Димаш осылай қуанбаған шығар! Жүрегі баладай тап-таза Досымнан айналдым! Мен сені, сенің өнерге деген маxаббатынды, сенің өнер деп соққан жүрегінді жақсы көремін! Бауырым, досым Димаш алда талай жеңіс бар! Алға! Қазақстаннан қолдап келген музыкант жігіттер мен қыздарға, менің жаңа достарыма мың алғыс!» – деп жазады Шәрімов.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген I am a Singer жобасының 7-кезеңінде домбырамен “Адай” күйі мен қазақтың халық әні “Дайдидауды” орындап, қытайларды тәнті етті. 

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Құдайберген тұңғыш президент қоры сыйлығының лауреаты атанды

Қытайлық қарсыласы: Барлығы Димашты “менің шетелдік інім” деп санайды

Мейрамбектің әнін нақышына келтіре орындаған армян қызы көпшілікті сүйсіндірді (видео)

Ақбота Сейтмағамбет сүйіктісінің Дәурен Айдарқұлов екенін ақыры мойындады (фото)

Талқылау