Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш 45 мемлекетте таралатын журналдың мұқабасына шықты (фото)

Димаш Құдайбергенов әлемдік деңгейдегі басылымның мұқабасына шықты. Қуанышты жаңалықты алғашқылардың бірі болып өзі бөлісті.

17076141_1976837582549682_6558141351316160512_n

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Men’s Health» журналы 1988 жылдан бастап Америкада тұрақты түрде шығып отырады. Оны әйгілі «Rodale» басылымы басып шығарады. Дәл қазір аталған журнал 45 мемлекетте таралған. Оны кемінде 22 млн. адам оқиды. Алайда әр мемлекетте әртүрлі мақаламен, суретпен таралады. Дәл осындай Қытайдағы нұсқасының мұқабасына Димаш Құдайбергеновтың суреті таңдалған-ды. Әзірге отандасымызға қатысты қандай ақпараттың жазылғаны белгісіз. Десе де, оның ерлер сәнін жарнамалап тұрғанын байқауға болады.

Осы орайда, журналист Асхат Садырбай суретке қатысты пікірін бөлісті. Ол Димаштың ең үздік жетістіктерін атап өтті. «Қытайдағы “Men’s helth” журналының мұқабасында Димаш Құдайбергенов. Сонымен қатар Қытайдың ең ықпалды басылымы “Женьминь жибао” газетіне сұxбаты шықты. Не деймін, браво! Көрсін біздің көр-соқырлар. Айтпадық емес талай рет айттық. Шетелдің әйгілі басылымдары біздің елде де өз нұсқамызда шығады. Бірақ мұқабасына өліп кетсе де, өзіміздің таланттарды шығармайды. Шығарған емес.

17126150_1272882546124761_3371566481459380224_n

Шығарса бір-екі рет спортшыларды (чемпион болып, жұлдызы жанғаннан кейін ғана) шығарды, болды. Басты бет қашан да не батыстың, не Ресейдің жұлдыздарына тиесілі. Оларды қоя берші, мақұл, бір жұлдызды бірнеше рет мұқабасына шығаратын өзіміздің отандық журналдар ше?  Қайсысы Димаштың ата-анасы, өзі туралы ауқымды ақпарат берді? Қанат пен Света Айтбаевтардың саxнада жүргеніне қанша уақыт болды. Димаш өзін «Жас Қанатта-ақ» дәлелдеді. Жоқ, жазбайды ғой. Олардың журналына шығу үшін сен олармен “подружка” болуың керек. Қайта-қайта шәйға барып, бильярд ойнап жүресің. Сосын ай сайынғы мұқаба сенікі.

Меніңше, Димаш әнші емес. Оны әнші дейін десем, бір-екі сапасыз әнсымақ жазып алып, фонограммамен басып жүргендерді кім деймін? Димаш, бірнеше жылда бір рет болатын өнердегі құбылыс. Бұл сөзіме оның қазіргі жетістіктері дәлел. Көз тимесін, бірақ ол мойындатты. Тележоба авторлары енді оған жеңісті берсе де өздеріне сын, бермесе де өздеріне сын. Маңыздысы ол емес. Димашқа қазір бұл сайыстағы жеңістің қаншалықты керек екенін білмеймін. Миллиондаған фанаттар артынан аңдып жүгіріп жүр. Осының өзі жеңіс емес пе?» – дейді ол.

Ал Димаштың инстаграм желісіндегі парақшасына жүктелген мұқаба суретіне 47 мың лүпіл қойылып, мыңдаған пікір жазылған.


Жіберіп алмаңыз:

Димаш «Дайдидауды» орындап болған соң еңкілдеп жылаған

Қытайлық қарсыласы: Барлығы Димашты “менің шетелдік інім” деп санайды

Мейрамбектің әнін нақышына келтіре орындаған армян қызы көпшілікті сүйсіндірді (видео)

Ақбота Сейтмағамбет сүйіктісінің Дәурен Айдарқұлов екенін ақыры мойындады (фото)

Талқылау