AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ахмет Байтұрсыновтың туған ауылындағы мұражай-үй не cебепті сүрілді – Облыс әкімі жауап берді

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Жангелдин ауданындағы халық ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың үйін бұзу себебін түсіндірді. 2009 жылы ағартушы туып өскен үй Байтұрсыновтың үй-мұражайы ретінде салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

13 жылдан кейін үй күрделі жөндеу қажет болды. Аймақ басшысының айтуынша, ғимарат сапасыз болып шықты, сондықтан үйді бұзып, орнына жаңасын салу туралы шешім қабылданды.

"Бұл үй қолда бар материалдардан салынған. Менен бірнеше рет үйдің жағдайы үшін ұялмаймын ба деп сұрады. Ол жерде бойыңды түзеп тұру мүмкін болмайтын. Бұл – биіктігі 1,7 метр болатын бір ғана үлкен бөлме", – деді облыс әкімі.

Облыс әкімдігі сапасыз материалдардан үй салған мердігермен келісімшартты бұзғанын атап өтті.


Елімізде Торғай облысы құрыла ма? - Қостанай облысының әкімі жауап берді


"Мен әкімге сөгіс жарияладым, мәселе бақылауға алынды. Жоба сараптамадан өтті. Біз байқау жариялаймыз, үй мұражайы экспонаттарды орналастыру үшін үлкен болуы керек. 5 қыркүйекке дейін оны пайдалануға беруге тырысамыз", – деді Қостанай облысының басшысы.

Айта кетейік, биыл Қазақстан Алаш Орданың негізін қалаушылардың бірі Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойын атап өтуде. Мерейтойға орай мемлекет бірқатар инфрақұрылымдық жобаларға 3,4 млрд теңге бөлді.

Атап айтқанда, Ахмет Байтұрсынов ауылындағы жолды және Торғай өзені арқылы өтетін көпірді жөндеуге қаражат бөлінді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр