Басты жаңалықтар
АЭС салу бойынша референдумда дауыс беру көрсеткішінде Қызылорда облысы көш бастады
Қазақстанда АЭС салуға қатысты референдумда 7 миллионнан астам адам, яғни сайлаушылардың 57,68 пайызы дауыс берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцованың сөзінше,16:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 57,68 пайызы бюллетень алды.
"Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша республика көлемінде 7 миллион 062 мың 358 азамат бюллетень алды", — деді ол.
Фото: ОСК ҚР
Өңірлер бойынша дауыс берген қазақстандықтардың саны пайызбен есептегенде келесідей бөлінді:
- Абай облысы бойынша – 58,12 %
- Ақмола облысы бойынша – 63,50%
- Ақтөбе облысы бойынша – 68,41 %
- Алматы облысы бойынша – 64,09 %
- Атырау облысы бойынша – 56,61 %
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 60,82 %
- Жамбыл облысы бойынша – 53,58 %
- Жетісу облысы бойынша – 58,86 %
- Қарағанды облысы бойынша – 62,86 %
- Қостанай облысы бойынша – 67,57 %
- Қызылорда облысы бойынша – 76,15 %
- Маңғыстау облысы бойынша – 47,70 %
- Павлодар облысы бойынша – 58,70%
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 60,15%
- Түркістан облысы бойынша – 70,73 %
- Ұлытау облысы бойынша -63,85 %
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 68,33 %
- Астана қаласы бойынша – 46,30%
- Алматы қаласы бойынша – 20,57 %
- Шымкент қаласы бойынша – 66,48 %
Сонымен қатар Астана уақыты бойынша сағат 16.00-де Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава қалаларында референдум учаскелері ашылғаны туралы хабарлаймыз.
Талқылау

22 жастағы қазақстандық қыздан асқынған сатыдағы қатерлі ісік анықталды: Ол диагнозды жүкті кезінде білген
Науқас әйелдердің бірі халық емшісіне барып, 1 жылын жоғалтып алған

"15 жаста тұңғышыма аяғым ауыр еді": Қазақстандық қыз 18 жасында үш баланың анасы атанған
Шамалы қарсылық білдірген ата-анамды өзім көндірдім