Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адамдарды "чиптеу" осылай жүзеге асады": Желіде тараған видео халық арасында шу туғызды

Telegram мессенджерінде қазақстандықтар адам басының силикондық муляжына микрочиптің қалай енгізілетінін көрсететін видеоны таратуда. Құрылғы құлақтың артына инемен мүлдем көрінбейтіндей етіп қойылады. Адамдардың барлығын осылай "чиптейді" деген бейнежазба жалған болып табылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

фейк чип

Шындығында, бейнеде көрсетілген манипуляция жануарларға арналған шприц-аппликатормен жүзеге асырылады. Мұндай құрылғыны ірі базарларда және ветеринарлық дәріханалардан сатып алуға болады.

Шприцке диаметрі әдеттегіден әлдеқайда үлкенірек ине салынған. Ол арқылы өлшемдері күріш дәнінің көлеміне тең болатын чип өткізіледі. Құрылғының функционалдығы өте шектеулі: онда жануардың жасы, оның шығу тегі мен иелері туралы ақпарат, сондай-ақ сәйкестендіру нөмірі бар, соның арқасында жоғалған үй жануарларын табуға болады. Бұл ақпаратты тек арнайы сканердің көмегімен оқуға болады.

Адамдарды осындай жолмен "чиптеу" көптеген себептерге байланысты мағынасыз болып табылады. Біріншіден, чиптегі ақпарат, әдетте, адамдарға қолданылмайды.



Екіншіден, үлкен диаметрлі инені құлақтың артына байқаусызда енгізу мүмкін емес. Бұл процедураны вакцинациямен шатастыруға тағы да болмайды.

Бүгінгі таңда адамдар тек өз қалауы бойынша ғана "чиптеу" процедурасын өткізе алады. Құрылғылар онда сақталған ақпаратты оқу қиын болғандықтан құлақтың артына емес, қолдың терісінің астына енгізіледі. Мұндай чиптердің функционалдығы да өте қарапайым. Олардың көмегімен адамды аңду мүмкін емес.

Осыған орай бейнеде әдетте жануарлармен жасалатын манипуляция көрсетілді деуге толық негіз бар. Кадрда ветеринарлық шприц түсірілген. Ол вакциналар мен басқа дәрі-дәрмектерді енгізу үшін қолданылатын әдеттегі инъекциялық шприцтен айтарлықтай ерекшеленеді. Сонымен қатар планетаның барлық тұрғындарын "чиптейді" деген теория жаңсақ пікір саналады. Шындығында, бейнеде ветеринарлық аппликаторлар көрсетілген.

Талқылау