AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адам өліміне алып келуі мүмкін": Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі ойыншықтардың жартысынан жуығы балаларға қауіпті екенін анықтады

ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ойыншықтардың қауіпсіздігіне жүргізілген мониторинг нәтижесінде еліміздегі ойыншықтардың жартысынан жуығының талаптарға сай емес екендігі анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ойыншықВедомство мәліметінше,  2022 жылдың 2 айында республика бойынша 397 үлгі іріктеліп, зерттелді, оның 173-і талаптарға сәйкес келмеген. Яғни бұл ойыншықтардың 43,5%-ы талаптарға сәйкес келмейді дегенді білдіреді. 

“Ойыншықтар ел аумағында сатылымға шықпас бұрын Кеден одағының "ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіндегі қауіпсіздік талаптарына сай болуы керек”, – делінген ведомство хабарламасында.

Мәселен, Қытай мен Өзбекстан Республикасында өндірілген ойыншықтарда фенол, формальдегид, бензол, метил спирті, гептан деңгейінің артуы анықталды. Балаларға қауіпсіз емес тауарларды сатумен айналысатын барлық кәсіпкерлік субъектілеріне бұзушылықтарды жою туралы нұсқаулық берілді. 

“Ойыншықтар тек балалардың ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, адам өліміне алып келуі мүмкін. Сондықтан оларды таңдауға мұқият қарау керек, сатушылардан олардың қауіпсіздігін растайтын құжаттарды талап етеді. Өйткені сіздің таңдауыңыз – балалар алдындағы үлкен жауапкершілік”, – делінген ведомство хабарламасында.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр