Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

90 жастағы Ұлыбритания патшайымы көлік рөліне отырды

Британия королевасы ІІ Елизавета 90 жасына қарамастан, автокөлік рөліне отырды.

20160911192243

Фото:© EPA/FACUNDO ARRIZABALAGA

Range Rover автокөлігінің рөлінде отырған монархтың суретін кеше британдық БАҚ құралдары жариялаған.

Суреттен ІІ Елизаветаның дәл автомектептерде үйрететіндей, екі қолын рөлге қойып алғандығын көруге болады. Сондай-ақ, фотода ол өзінің келіні герцогиня Кембридждік Кейтке бірдеңе айтып отырғандай. Биылғы жылдың сәуір айында мерейтойын тойлаған королева көк жемпірдің сыртынан жасыл кеудеше киіп алған.

Ал королеваның күзетшісі мен жүргізушісі көлік артында отырған. Британдық БАҚ-тардың хабарлауынша, королева мен оның келіні пикникке бара жатқан. Ал онда қос әйелді Уильям ханзада күтіп тұрған екен. Қазіргі уақытта ханзада да үш жасар ұлы Джордж бен бір жасар қызы Шарлоттамен бірге Шотландияда жүр.

Соңғы рет ІІ Елизаветаның көлік рөлінде отырған суреттері британдық басылымдарда былтырғы жылдың шілде айында жарияланған болатын.

Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында санитарлық автокөліктің механик-жүргізушісі ретінде дайындықтан өткен ІІ Елизавета көлік рөліне өзі отырғанды ұнатады. Ол Ұлыбританиядағы жүргізуші куәлігінсіз-ақ көлік жүргізуге құқығы бар жалғыз адам.

Былтырғы жылдың 9 қыркүйегінде ІІ Елизавета тақта отыру ұзақтығы бойынша королева Викторияның рекордынан (23 226 күн, 16 сағат және 23 минут) асып түсті. Ол Ұлыбритания тарихында ең ұзақ тақта отырған монарх ретінде қалып отыр. Королеваның рекордына бүгін 368 күн толып отыр.

Оқи отырыңыз: 

Түркияда Құрбан айт мейрамына 9 күн демалыс берілді

Германияда жүздеген қыз бала кәмелеттік жасқа толмай некелескен

Күтушінің ұлы әлемдегі ең бай адам атанды

Сирияда “күрд қызы Анджелина Джоли” қаза болды

 

 

Талқылау