Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"400 мыңға 40 футбол алған артық": Дәулет Мұқаев бренд туралы ойын айтты

ҚР Мәжіліс депутаты, блогер Дәулет Мұқаев брендке көзқарасын айтты. Ол жеке парақшасында жазба жариялап, оқырмандарымен бренд төңірегінде әңгіме өрбітті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Депутат танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бренд туралы әзілін бөлісті. 

“Мен үшін бренд деп кемі 400 мыңға 1 футболка алғанша, 10000 теңгеден 40 футболка алған артық. Отдуши ауыстырып, түр-түрін киюге болады. Бірақ, кейбір адамдардың ойынша қымбат нәрсе алса, өзін-өзі бағалау деңгейі өседі-мыс. Ал менің ойымша, ондай адамдарға көбірек кітап оқуы керек. Себебі киіммен қарсы алып, білімімен шығарып салу – өмір шындығы. Тән сұлулығынан жан сұлулығы маңызды. Керісінше, өзіңіз бренд болыңыз!”, – деп жазды халық қалаулысы.

Депутаттың оқырмандары белсенділік танытып, кім қалай бренд ұғымын түсінетінін жазып жатыр. Енді бір оқырманы қарызға ақша сұрап бренд киім сатып алатындарды атады. “Бір досым қарызға ақша сұрап, 100 мың теңгеге киім алып киеді. Тек қымбат дүкендерден сауда жасайды. Бірақ соңында қаншама адам қарызын ала алмай жүреді” деп жазды. Дәулеттің айтуынша ондай адам өзінің айналасында да көп көрінеді. “Жақында бір танысым Умраға барып келді. Маған қарызы болатын. Сұрасам, әне-міне деп тойдырады” деп жауап берді. Тұрсынбектің монологынан “әйелі Мөлдір туралы айтып жатыр” деген пікір көп. “Бір эфирде Мөлдірдің үстіндегі киімдерінің бағасы 2 миллион теңгеге шыққан. Бір көйлегінің өзі 4 миллион теңге болған. Соны мысалға келтірген” деген пікір көп.   

Талқылау