Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қызымды үйге қалдырдым": Үшінші рет ана атанған Баян Мақсатқызы түсірілім алаңына келді

50 жасында үшінші рет ана атанған продюсер Баян Мақсатқызы жаңадан жарық көретін фильмнің түсірілім алаңына келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Продюсер әріптестеріне сәттілік тілемес бұрын, үшінші рет ана атануымен құттықтауды өтінді. 

“Керемет іс-шараның ашылуында тұрмыз. Алдымен мені үшінші рет ана атануыммен құттықтасаңыздар болады. Қызымды үйге қалдырып, түсірілім алаңына келдім. Бұрын-соңды болмаған жанрға фильм түсіруді бастадық. Барлығы кәсіби түрде жүзеге асырылады. Комедия жанрын таңдадық”, – деді продюсер. 



Желі қолданушылары мен әріптестері күні кеше ғана перзентханадан шыққан өнер иесіне таңғалып жатыр. 

“Бәріміз шок болып жатырмыз”, “Суррогат ана туып беріп, Баянның кеудесіне жатқызған”, “Қалжың сияқты әлі күнге дейін”, “50 жастағы адамның туа салып, кино түсіргені мүмкін емес”, “Баян апамыз 40 күн күтіну дегенді білмейтін шығар”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Еске салайық, Баян Мақсатқызы қызына қандай есім бергені белгілі болғанын жазған едік. 

 

Талқылау