Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір бала үшін 4 млн теңге: Қазақстанда суррогат аналардың саудасы қызып тұр

Жасы отызға жақындаған қаракөздеріміз аналық ұрығын шетелге сатып жүр. Бедеу әйелдерге бала табуда көмек болатын жасушаның бағасы қымбат. Оңай ақшаға құныққан бұрымдыларымыз бұдан соң бедеулікке ұшырамай ма? Елімізде жатыр саудасын қолға алған кімдер? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеп хабарлайды.

Жүктіліктің алғашқы белгілері қандай?

«Суррогат ана боламын». Бұл күнде әлеуметтік желіні ашып қалсаңыз, осындай жарнамалардан көз сүрінеді. Жатырын жалға беретіндер, тіпті, бағасын да өздері белгілеген. Бойы, салмағы, көзінің түсі, барлығы жазылған. Елімізде бедеулік белең алған уақытта мұндай аналардың саудасы қызып тұр.

Бүгінде Біреуге бала туып беруді бизнеске айналдырған қыз-келіншектер көбейген. Тұрақты гонорарлары да белгіленген. 3 млнннан бастап 4 млнға дейін, және ай сайын 150 мың теңгеден тағы төлейді. Ол аздай,  аналық ұрық сатуды  табыс көзіне айналдырып алғандар бар екен. "Бірақ, бұл тұрақты емес. Оған бизнес ретінде қарауға болмайды", дейді сурогат ана орталығының директоры.  

"Балаларды мектепке дайындайтын кезде аналық ұрығын сататындардың қарасы көбейеді. Жаңа жыл қарсаңында да өтініштер қаптап кетеді. Амалдың жоқтығынан. Ақша керек  бәріне. Несиесін жаба алмай қиналғандар. Күйеулері ешқандай алимент төлемейді. Әйелдерінің ұрық сатып, бала-шағасын асырап жүргендерінде шаруалары жоқ", - деді суррогат ана орталығының директоры Дамира Шоқанқызы. 

Жатырын жалға беретіндерге сұраныс тек біздің елде ғана емес, Ресейде де жоғары екен. Сурогат ана бағдарламасы бойыншы тәлімгер Татьяна Кудряшованың сөзінше,  коронавирусқа байланысты  оңғы айларда  азайып кетіпті. "Бірақ, басқа уақыттарда бұл қызметке жүгінетіндер саны өте көп көрінеді.

«Санкт-Петербургте суррогаттық жолмен бала туу өте кең таралған. Көп жұптарға сурогат аналар қажет. Бұл қызметке табиғи жолмен бала көтере алмайтындар көп жүгінеді. Былтырғымег салыстырғанда биыл жыл басында тапсырыс өте көп болды. Бірақ қазіргі пандемияға байланысты күрт азайып кетті. Бізге шетелден де сұраныстар көп түседі. Оның ішінде Қытай азаматтарының қарасы қалың. Бала туғаннан кейін суррогат аналарға миллион беріледі. Ай сайын да ақша төленеді. Жүктіліктің 20-шы аптасында киімге деп ақша береді. Егер егіз, үшем туса, кесер тілігі болса да қосымша ақша төленеді. Бірақ, ол үшін мұндай аналар келісім-шартты мұқият оқып, содан соң ғана қол қоюы керек", - дейді суррогат ана бағдарламасы бойынша арнайы тәлімгер Татьяна Кудряшова. 

Ал, гинеколог суррогат аналарға жатырынан жұлып біреуге бала беру оңайға соқпайды. Өйткені, олардың өздері байқамағанымен  психологиялық тұрғыдан ауыр болады деген пікірде.
"Босанғаннан кейін сураналар ұзақ депрессияға шалдығуы мүмкін. Өздерін пайдасыз сезінуі мүмкін. Соның салдарынан денсаулықтары нашарлауы мүмкін. Туылмаған нәрестелеріне деген махаббаттары оянуы мүмкін. Мұндай жағдайда әйел өз бетінше қарсы тұра алмайды. Сол кезде психоаналитиктің кеңесі қажет болады", - дейді гинеколог  Айгерім Сламбекова. 

"Ешқашан қазақтың қыздары олай жатырын жалға беріп, біреуден бала тауып ондай дүние қазағымызда ешқашан болмаған. Яғни, әйелдер ар-намыс, ұят дегенді сиырып қойы, ақша үшін бәріне барып жатыр деген сөз. Бұл түбімізге жететін, халқымыздың түбіне жететін, ұрпақ жұрағаты тектілік дегенді құртатын осындай дүниелер болып жатыр. Егер шынымен де балаға мұқтаж болған отбасы болса қазақтың салт-дәстүрі бойынша бәйбішесі бала көтермей жатса тоқал алып кіші жар болып содан ұрпақ сүю керек", - деді қоғам белсендісі Бақытбол Берімбай. 

Талқылау