Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"3 сағат ойына келгенін істеді": 15 жастағы астаналық қызды ұрып-соғып, зорламақ болды

Зардап шеккен бойжеткеннің анасы желіде шағымын айтып, зорламақ болған жігіттің жоғалып кеткенін жеткізді. 

"Менің қызыма бір бұзақы шабуылдады. Қызым 15, жігіт 20 жаста. Қызымды әбден ұрған. Үш сағат ойына келгенін істеген. Зорламақ болды. Қызым әйтеуір дегенде қашып құтылған. Камера болғаны жақсы болды. Видеодан оның қызымды қалай ұрғаны көрінеді. Телефон нөмірін тапты. Қандай көлікпен жүргені анықталды. Пәтерді қай жерде жалдағаны болжанды. Полицияға барлық материал берілді. Арыз жаздық. Бірақ күдікті жер астына кіріп кеткендей жоқ болып кетті", - дейді анасы Facebook парақшасында. 

Желі қолданушылары бойжеткеннің анасына қолдау білдірді. Қалай іздеу керек екенін айтты. 

"Ақылы детектив керек", "Полицейлер табуы керек, қайта барып шағымданыңыз" деді олар.

Полиция департаменті қазіргі уақытта тергеу жүріп жатқанын, күдікті іздестірілу үстінде екенін айтты.

 

Талқылау