2018 жылы өтетін Олимпиадаға Ресей қатыспауы мүмкін
2018 жылғы Олимпиадаға Ресейдің жіберілмеу мүмкін екендігі қызу талқыланып жатыр.
Бұл тураы Хабар 24 хабарлайды.
Оңтүстік Кореяда өтетін ойындарға мүлдем қатыстырылмайды деген ақпар алдымен New York Times басылымында пайда болған еді. Онда шектеу үш жыл бұрын басталған допинг дауының тергеурінен соң қойылған делінген. Яғни спортшылар Олимпиаданың ресми ашылу салтанатына қатыспайды және бейтарап тумен жарысу керек екен. Халықаралық олимпиада комитеті бұл ақпаратты растаған жоқ және желтоқсанда қабылданатын ресми шешімді күту керектігін мәлімдеді. Дегенмен санкциялар қабылдану мүмкіндігі Ресей қоғамында кең талқылау тудырды. Ресей Олимпиада комитетінің басшысы Александр Жуков «егер халықаралық комитет команданың ойынға қатысуына шектеу қойса, біз бейтарап ту астында өнер көрсетпейміз», – деді. Ол ел үшін кемсітумен тең екендігін де атап өтті.
«Ресей жол картасы бойынша мемлекеттік ықпал болды деген Маклареннің баяндамасынан басқа барлық ескертулерді реттеді. Қазір заң күшейтілді. Допингті тарату және қолдану үшін қылмыстық жаза тағайындалған. Енді ешбір жаттықтырушы оны спортшыға ұсына алмайды. Ресей бүкіл әлем бойынша ең қатал шараларды қабылдады», – дейді Олимпиада чемпионы, РФ Мемлекеттік думасының депутаты Светлана Журова.
Оқи отырыңыз:
Алғаш рет Apple капитализациясы 1 трлн долларға жуықтады
Сауд Арабиясында алғаш рет ханшайым тұтқынға алынды