Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауд Арабиясында алғаш рет ханшайым тұтқынға алынды

Сауд Арабиясы тарихында тұңғыш рет ханшайым тұтқынға алынды. Рим бинт аль-Валид ибн Талал пара алды деген күдікпен 8 қараша күні ұсталды. Бұған дейін ақша жымқырды деген айыппен ханшайымның әкесі, халықаралық инвестор әлі әлемдегі ең қалталы азаматтардың бірі аль-Валид ибн Талал ибн Абдель-Азиз аль Сауд қолға түскен еді.

Бұл туралы Arabi21 басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Патша отбасының қылмысқа араласуы туралы мақалада толыққанды мәлімет жоқ. Алайда Сауд Арабиясында ханшайым мен ханзалардың тұтқындалуы жемқорлықпен байланысты екені атап өтілген.

Сауд Арабиясының ханшайымдары өзге елдерде жауапқа тартылған. Мәселен, 2013 жылы Калифорния билігі ханшайым Мешаэль Алайбанды, африкалық қыздарды құлдықта ұстаған ханзада Абдулрахман бин-Насер аль-Саудтың жұбайын тұтқынға алды.

Сондай-ақ, былтыр француз суретшісі арабиялық ханшайымның үстінен шағым түсірген болатын. Айтуынша, ханшайымның бұйрығымен күзетшілер оның аяқ-қолын байлап, соққыға жыққан, одан кейін ханшайымның аяғын сүюге мәжбүрлеген. Бұл істе ханшайымның аты-жөні аталмады, алайда оның Халид патшаға (1975-82 жылдары ел басқарған) қатысы бар екені атап өтілді.

2001 жылы Орландо қаласында Сауд Арабиясы патшасы Фахдтың жиен қарындасы Бинах аль-Саид түрмеге түсті. Индонезиялық үй қызметшісі ханшайымды күш қолданды, тұрмыстық зорлық көрсетті деп айыптаған. Бұл қылмысы үшін ханшайым 15 жылға сотталуы керек еді. Алайда ол абақтыда небәрі бір түн өткізді. Келесі күні кепілге 5 мың доллар ақша беріп, ханшайым бостандыққа шықты.

1995 жылы тақ мұрагері Мах аль-Судайридің әйелі елдің көзінше қызметшісіне қол көтергені үшін тұтқынға алынды. Ол үй қызметкерін 200 мың доллардың затын ұрлады деп айыптаған.

2006 жылы ханшайым Хана аль-Джадер істі болды. Ол қызметшілерін тәулік бойы жұмыс істеуге мәжбүрлеп, айына небәрі 300 доллардан төлегені үшін айыпталды. Күң-әйелдер тәулік бойы үш шаруасымен айналысып, ханшайымның мүгедек күйеуі мен балаларына қарайласқан. Хана аль-Джадер екі жылға шартты түрде сотталды.

Жіберіп алмаңыз:

Дәрігер сараптама жүргізу үшін 106 науқасты әдейі өлтірген

Барак Обама соттағы алқабилер құрамына енбей қалды

Ер адам ауыр дерттен қайтыс болған сүйіктісіне жүрекжарды сағынышын жеткізді (фото)

Жарты денесі жоқ азамат табандылығының арқасында акробатқа айналды (видео)

Талқылау