Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Барак Обама соттағы алқабилер құрамына енбей қалды

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама соттағы алқабилер кеңесінен шеттетілді. Оған бұл тосын жаңалықты Чикаго штаты Кук округінің басты судьясы Тимоти Эванс жеткізген.

Бұл туралы CNN басылымы хабарлайды.

Ағымдағы жылдың қазан айының соңында Барак Обама Чикаго штатында өтіп жатқан сот процесстерінің біріне арнайы шақырылған болатын. Аталған сот процессінде ол алқабилер кеңесінің мүшесі атануға үміткер болып келген.

Заңға сәйкес, аталған қызметке тағайындалу үшін үміткер бірнеше арнайы сұрақтарға жауап беруі тиіс. Осы жауаптарға қарап үміткерлердің алқаби мүшесі болуға қаншалықты лайық екені анықталады. Алайда Эванс мырза Обаманың бұл қызметке не себепті тағайындалмағанын түсіндірмеген.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық әйелдер мен балалар Сириядан Ресейге жеткізілмек

Дональд Трамп Солтүстік Кореяны келіссөзге шақырды

Германия құжаттарында “үшінші жыныс” тобы пайда болмақ

Атамбаев шегараны нығайтып, қорғанысты күшейтуге тапсырма берді

Талқылау