Қазақстандық әйелдер мен балалар Сириядан Ресейге жеткізілмек

Бейсенбі, 9 Қараша , 2017 12:43

Қазақстан, Ресей және Өзбекстан елдерінің Сирия лагерлерінен табылған 40-тан астам азаматы Шешенстан астанасына жеткізіледі.

Бұл туралы Шешенстан мемлекет басшысы Рамзан Қадыров хабарлады.

“Сирия лагерлерінде 44 әйел мен бала табылды. Олардың тоғызы – Өзбекстан мен Қазақстан азаматтары”, — деп жазды Қадыров әлеуметтік желіде.

Қалғандары Ресейдің әртүрлі өңірлерінен шыққан азаматтар екен. Арасында шешенстандық 10 әйел мен бала бар. “Өзбекстан мен Қазақстаннан шыққан әйелдер мен балалар туралы естігенімде, Зияд Мұхаммедовичке (Зияд Сасаби, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдеріндегі өкіл) оларды алып шығу үшін барынша күш салуды тапсырдым”, — деп хабарлады Шешенстан мемлекет басшысы.

Қадыровтың сөзіне сүйенсек, 44 адам Грозныйға келесі аптаның басында жеткізіледі. Қазір ұйымдастыру мәселелері шешіліп жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Дональд Трамп Солтүстік Кореяны келіссөзге шақырды

Германия құжаттарында “үшінші жыныс” тобы пайда болмақ

Атамбаев шегараны нығайтып, қорғанысты күшейтуге тапсырма берді

Балғынбек Имашев елбасыдан Атамбаев үшін кешірім сұраған қырғыз ақынына жауап берді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар