Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

200 теңгелік қағаз ақшаларды қабылдамайды: Ұлттық банк қазақстандықтардың шағымдарына жауап берді

200 теңгелік қағаз ақшаларды қабылдаудан бас тарту жауапкершілікке алып келеді. Бұл туралы Ұлттық Банкте мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Қазақстан Ұлттық Банкіне (ҚҰБ) тұрғындар тарапынан өтініштер түсіп жатыр. Шағым иелері кәсіпкерлердің номиналы 200 теңгелік банкноттарды қабылдаудан бас тартатынын айтады. ҚҰБ номиналы 200 теңгелік банкноттардың заңды төлем құралы болып қалатынын еске салады. Олар 200 теңгелік монеталармен айналымда қатар жүреді. Ол банкноттарды төлемдердің, банктік операциялар мен аударымдардың барлық түрі бойынша қабылдауға міндетті”, – деді ведомствода.

Аталмыш  банкноттарды банктер мен  "Қазпошта" АҚ-ның барлық бөлімшелерінде, сондай-ақ ҚҰБ филиалдарында ұсақтауға да,  айырбастауға да болады. Олар табиғи тозығы жеткенде ғана айналымнан  алынады.  

“Бұл банкноттарды қабылдаудан бас тарту Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 206-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Егер сізден номиналы 200 теңгелік купюралар қабылданбаса, онда жақын маңдағы ҚҰБ-тың аумақтық филиалына хабарласу қажет. Бейнежазба  жасауға кеңес береміз, болмаса,  банкнотты қабылдаудан бас тартқан адамнан  жазбаша негіздеме талап етіңіз”, – деді Ұлттық Банкте.

Талқылау