Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

20 мың теңге жалақысын алуға келген: Павлодарлық бизнесменнің бұрынғы қызметкерін атып өлтіргені видеоға түсіп қалған

Павлодарда бизнесмен 27 жастағы бұрынғы қызметкерін салқын қандылықпен атып өлтірген. Марқұм Андрей Шиллерді 20 мың теңге көлемінде қалған жалақысын алуға келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме беріп.

Кісі өлімінің сәті ұялы телефондағы видеоға түсіп қалған. Оқиға облыс орталығының өндірістік аймағында болды. Кәсіпорын иесі бұрынғы қызметкерімен сөйлесу үшін ғимараттың иесін шақырып алған. 

55 жастағы ер адам өзімен бірге мылтық ала барған. Алдымен ол Шиллерді ұрып, содан кейін оны атып тастаған. Көз жұмардың алдында жігіт оны босатуды сұраған.

“Заңда осы қылмыс үшін 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе мүлкін тәркілей отырып өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.


Алматы облысында жездесі пышақтап тастаған 19 жастағы қыз оқиғаның қалай болғанын айтып берді 


Іс бойынша жеңілдететін мән-жайлар мен ауырлататын мән-жайлардың болмауына байланысты алқабилердің бірауыздан қабылдаған үкімімен В. есімді күдікті бұзақылық ниетпен кісі өлтіргені үшін 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен кінәлі деп танылды”, – деді Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Агидель Ибраева.

Назерке Мұса
Жұма, 22 Қазан, 2021 08:47
Талқылау