Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

18 жыл бұрын жоғалып кеткен әйел жезөкшелер үйінен табылды

18 жыл бұрын жоғалып кеткен әйел жезөкшелер үйінен табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото видеодан алынды

Тәртіп сақшылары іздеуде жүрген Түркістан облысының тұрғынын Атырау облысынан тапқан. Қазір оны туыстарына жіберу үшін тиісті шаралар қабылданып жатыр.

"Сұрау барысында ол 16 жасында ата-анасымен болған жанжалға байланысты 2005 жылы үйден кетіп, әртүрлі қалаларда тұрғаны анықталды. Содан бері ол жақындарымен араласпаған. Алматы және Шымкент қалаларында түрлі мекемелерде тазалаушы болып жұмыс істеген. Ал бірнеше күн бұрын Құлсары қаласына келген. Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азамат қазіргі таңда полиция бақылауында”, – деп мәлімдеді ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Ішкі Істер министрлігі жүргізген ауқымды тексерістің алғашқы тәулігінде-ақ жезөкшелікпен айналысу үшін 70-тен аса үйлерді, пәтерлерді жалға беру дерегі анықталды. Кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 3 жарым миллион теңгеге дейін айыппұл салынды.

Сондай-ақ, Семей қаласының тұрғынынан 3 млн теңге ақша ұрлаған жеңіл жүрісті арудың қылмысы әшкереленген. Ал елордада үш күннің ішіндегі тексерісте арын ақшаға сатқан 88 қыз ұсталып, оларға үй-жайын бергендерге тағы 64 іс қозғалды.

Талқылау