16 жастағы Дастан Сәтпаев футболдан Қазақстан құрамасының ойыншылар тізіміне кірді
Футболдан 2026 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы ойыншыларының кеңейтілген тізімі жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Ұлттық құраманың бас бапкерлік міндетін уақытша атқарушы Али Алиев наурыз айында өтетін екі ойынға арналған құрамды жариялады. Бұл тізімде жақында ғана “Челси” футбол клубымен келісімшартқа отырған 16 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаевта бар. Ойыншы 18 жасқа толғанша “Қайрат” командасында жалға берілді.
Айта кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылы өтетін әлем чемпионаты аясында 22 наурыз күні Уэльске қарсы ойнайды. Ал 26 наурызда Лихтейнштейнмен кездесу өткізеді. Әзірге Алиев кеңейтілген құрамды жариялады. Тізімге 36 ойыншы енді. Ойын күні жақындағанда нақты тізім шығады.
Олай болса, футболдан Қазақстан құрамасына шақырту алған ойыншылар:
Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен ("Астана"), Александр Заруцкий, Темірлан Анарбеков (екеуі де – "Қайрат"), Стас Покатилов ("Сабах", Әзербайжан), Дулат Талыспаев ("Кеге", Дания);
Қорғаушылар: Әлібек Қасым ("Ақтөбе"), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (бәрі – "Астана"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Роман Асранкулов ("Тобыл"), Еркін Тапалов ("Қайрат"), Ұлар Жақсыбаев, Сұлтанбек Астанов (екеуі де – "Ордабасы"), Әділбек Жұмаханов ("Елімай"), Мәди Хасейн ("Жеңіс");
Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген ("Ордабасы"), Рамазан Оразов ("Силькеборг", Дания), Бақтиер Зайнутдинов ("Бешикташ", Түркия), Эльхан Астанов ("Астана"), Ислам Чесноков, Наурызбек Жагоров (екеуі де – "Тобыл"), Серікжан Мужиков, Жан Әли Пайруз (екеуі де – "Елімай"), Ғалымжан Кенжебек ("Кошице", Словакия), Алияр Мұхамед ("Оқжетпес"), Георгий Жуков ("Пуща", Польша), Дінмұхамед Қараман ("Жеңіс"), Давид Есімбеков ("Жетісу");
Шабуылшылар: Абат Айымбетов ("Адана Демирспор", Түркия), Максим Самородов ("Ахмат", Ресей), Айбар Жақсылықов ("Қайсар"), Дастан Сәтпаев ("Қайрат"), Оралхан Өміртаев ("Ақтөбе"), Рамазан Кәрімов ("Астана"), Артур Шушеначев ("Сочи", Ресей);