Иранда жарылысқа байланысты ұлттық аза тұту күні жарияланды

Фото: iconnews.net
Иранда Шахид Раджаи портындағы жарылыстан кейін 28 сәуір ұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tasnim арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Иран үкіметі 28 сәуірді қаралы күн деп жариялап, қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.
Сонымен қатар Иран президенті Масуд Пезешкян Тегераннан Бандар Аббасқа ұшып, ондаған адамның өмірін қиған Шахид Раджаи портындағы жойқын жарылыс болған жерге барды.
Иран президенті құтқару жұмыстарының барысы мен күшті жарылыс салдары туралы ақпарат алу үшін жағалаудағы Хормозган провинциясына барды.
Қуатты жарылыстан қаза тапқандар саны 28-ге жетті. 1000-нан астам адам зардап шекті, 6 адам із-түзсіз жоғалған.
Еске салсақ, бұған дейін Иран портында жойқын жарылыс болғаны айтылды.
"Түрмеде отырған баламды тағы 9 жылға соттап жіберді": Түркістандық ата-ана баласына жазықсыз жала жабылғанын айтып, Тоқаевтан араша сұрады
Адвокат мән-жайды айтып берді
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"