Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

15 аула мен 3 тұрғын үй: Алматы облысында баспаналар су астында қалды

Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Беріктас ауылында толассыз жауған жаңбыр салдарынан тұрғын үйлерді су басты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ТЖМ

Төтенже жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жаңбырдан кейін елді мекенде көлбеу ағыны пайда болып, 15 аула аумағы мен 3 тұрғын үй су астында қалды.

"Осы сағатта ТЖМ бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдар инертті материал салынған 2 мың қапшық дайындады. Сонымен қатар су басқан аумақтарда суды сору және лайдан тазарту, арық жүйелерін тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жағдайға мониторинг жалғасып жатыр", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, жұмыстарға төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, ТЖМ 28237 әскери бөлімінің жеке құрамынан 100-ден астам адам, 11 мотопомпа мен 16 бірлік техника жұмылдырылған.



Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысы Жаңатас қаласында су астында қалған үйлер саны 47-ге жетті. Тағы 1 әлеуметтік нысан және 400 аула аумағын су алғанын жаздық. Өңірдегі Сарысу әкімдігі су басудан кейін материалдық шығынды есептеу басталғанын мәлімдеді. 

Айым Атамбаева
Сейсенбі, 16 Шілде, 2024 08:31
Талқылау