13 жастағы қызы ішімдікке салынғаны үшін Қостанай тұрғынына төрт рет айыппұл салынды
Қостанайда 13 жастағы қыз әлеуметтік желі арқылы танысқан достарымен кездесуден соң, үйіне мас күйінде оралған.
Бұл туралы “Наша газета” хабарлайды.
Екі ай ішінде е 45 жастағы әйелге төрт рет 21 210 теңге айыппұл салған. ол 13 жастағы қызының спирттік ішімдік ішкені үшін айыпты деп танылып отыр.
Соңғы рет мамандандырылған сот кәмелетке толмаған қыздың ісі бойынша 18 қазан күні жауапқа тартқан. Полиция қызметкерлері қызды мас күйінде бірнеше рет ұстап алып, анасымен бірге медициналық тексеруге алып барған.
“Кәмелетке толмаған қыз “ВКонтакте” арқылы басқа қыздармен танысып, сосын олар кездескен. Ал оларға ересектер сыра алып беріп, барлығы бірге ішкен”, – деп хабарлады қалалық прокуратура.
Қазір қызды наркологияға есепке тұрғызған. Енді оны мен анасының әрекеттері бақылауға алынбақ.
Оқи отырыңыз:
Нағыз батыр: Оралдық оқушы арқан тартыс ойынында табандылығымен көзге түсті (видео)
Астаналық оқушы ресейліктерді есте сақтау қабілетімен таңқалдырды (видео)