Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өз қызын ұрып-соққан Әсел Төренің сот отырысы басталды

Алматыда өз баласына қатігездік танытқан Әсел Төренің үстінен сот ісі басталды. Безбүйрек ана хикаясы оның көршісі полицияға шағым түсірген кезде белгілі болды.

02-1_8b0f6d89

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

9 жасар Жәнелдің тағдыры қазақстандықтарды алаңдатты. Толық емес отбасында тәрбиеленген қыз өз анасынан соққы жеп келген. Көршілері Жәнел мен оның анасы тұратын пәтерден үнемі айқайдың даусы естілетінін айтып шағым түсірген.

«Кішкентай баланың жан айқайын естідім. Бәлкім сырттан шығып жатқан болар деп те ойладым. Қоқыс тастауға шыққан кезде әлдебіреулердің: «Әсел тағы да баласын ұрып жатыр» дегенін құлағым шалып қалды. Беті ашық тұратындай бас киім киген кезде ол қыздың жүзіндегі жарақаттарды көруге болады», – дейді көршісі Галина Терюхина.

Көршілерінің айтуынша, Әсел мен Жәнел бұл пәтерде бір жылдан бері тұрады. Осы уақыт аралығында пәтерден жеткіншектің жылап-еңіреген даусы үнемі естіліп келген. Анасы көбінесе жұмыстан кеш қайтатын, ал оқушы қыз жалғыз отыратын. Өткен айда көршілері полицияға шағым түсірді. Алайда тәртіп сақшылары келіп жеткенше әйел қызын сыртынан құлттап кетіп, өзі жасырынып қалған. Есікті бұзып кірген полицейлер денесі жарақатқа толы жеткіншекті көрген кезде қатты таңырқады. Жәнел шұғыл түрде ауруханаға жатқызылса, оның анасының үстінен қылмыстық іс қозғалды.

«Қызы үнемі «Ана, қажет емес» деп айқайлайтын. Оның құлағанының дауыстары естілетін», – дейді көршісі Андрей Захаропуло.

Одан бөлек, көршілері баланың да мазасыз болғанын айтты.

«Қыздың мазасыз болғаны анық. Өйткені мен жүргізілген тексерулердің бәріне қатыстым. Үнемі тоңазытқыштары бос тұратын, ол тоймайтын. Тіпті, қымсынбайтын да. Мен оған қарап қорықтым. Ол менен тамақ сұрай берді», – дейді Әселдің тағы бір көршісі Айгүл Жақыпова.

Жәнел ауруханаға жатқызылғаннан кейін, оның анасының Facebook-тегі парақшасына хабарлама жіберілді. Әйел көршілері таққан айыптың бәрін жоққа шығарды. Айтуынша, қызын ешкімнен кем қалдырмау үшін ол бірнеше жерде қатарынан жұмыс істейді екен. Бұл жолы Әсел Төре сотқа келді, дегенмен жауап беруден бас тартты.

«Дәл қазір пікір бермей-ақ қойсам деймін, онсыз да бәрі жария етілді, оның несіне пікір айтамын», – дейді Жәнелдің анасы.

Сот отырысы келесі аптаға қалдырылды. Айыпталушының қорғаушысы болған жоқ. Анықталғандай, Әсел Төре бұған дейін де балаға қатігездік танытқаны үшін жауапқа тартылған. Алайда ол кезде әйел айыппұл төлеп, жазадан оңай құтылса керек-ті. Жалпы бұл жолы да Әсел 75 тәулікке қамауға алынуы немесе айыппұл төлеуі мүмкін. Ал 9 жасар Жәнел бүгінде анасының туыстарымен бірге.

Жіберіп алмаңыз: 

Павлодарда баласын сабап тастаған қатыгез келіншек қызын көруге келген жоқ

Нанаевтың өліміне күдіктінің анасы: Менің ұлым қыздарды қорғаштады

Тұңғышбай Жаманқұлов кінәсін мойындады

ОҚО-да ауладан табылған қыз сот шешімімен асырап алған анасында қалдырылды

Талқылау