Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда баласын сабап тастаған қатыгез келіншек қызын көруге келген жоқ

Павлодарда қызын ұрып-соққан Нұргүл Докуоваға қатысты іс әкімшілік сотқа жіберілді. Бүлдіршінді аяусыз төмпештеп, видеоға түсірген қатыгез келіншек енді аналық құқығынан айырылуы мүмкін, деп хабарайды КТК арнасының сайты.

2cf34c55-b518-428c-93ed-c1c53679528b

Ал сот шешіміне дейін әкесінің тәрбиесіне берілген Айлиннің өзі бүгін сұмдық оқиғадан кейін алғаш рет балабақшаға барды.

Нұргүл Докуованы ата-ана құқығынан айыру туралы азаматтық талап-арызды қалалық білім бөлімі түсірген. Бұл істің нүктесі қарашаның 15-і күні қойылмақ. Ал «Балаға қатыгездік көрсету» бабы бойынша қозғалған қылмыстық іспен полиция айналысуда.

Келіншектің ақыл-есінің дұрыстығын анықтайтын сараптамалар тағайындалған. Естеріңізге салсақ, бұрынғы күйеуінен өш алу мақсатымен 3 жасар қызын ұрып жылатып, онысын видеоға түсірген келіншектің әрекеті қоғамда қызу талқыға түскен болатын.

“Ешқандай да келісім болмайды. Біз үшін бастысы – баланың қауіпсіздігі. Айлиннің анасы бүгінге дейін бір рет те келген жоқ, хабарласпады да. Сот оны аналық құқығынан айырмаған жағдайда, апелляциялық сотқа шағым жазамыз. Баланы өз қамқорлығымызға алғымыз келеді”, – дейді Айлиннің ағасы Ержан Қасымов.

Естеріңізде болса, Instagram әлеуметтік желісінде өз қызын аяусыз ұрып-соққан ананың видеосы пайда болған еді. Онда әйел жылап отырған қызын ұрып-соғып, балағат сөздер айтқан. Видео жазбасында «анасы бұрынғы күйеуін бопсалау үшін өз қызын ұрып жатыр» делінген. Кейіннен полиция әйелдің кім екенін анықтады. 1982 жылы туған Павлодар тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Аталмыш оқиғадан кейін Айлин балалар үйіне орналыстырылды. Одан кейін анасыел алдына шығып, істеген әрекеті үшін өкінетінін мәлімдеді.

Жіберіп алмаңыз:

2019 жылдан бастап баланы 6 жастан мектепке беру міндеттеледі

“Халал” алкоголь мұсылмандардың жағасын ұстатты

Үйден гөрі вокзал артық: Бозбала өгей әкесінен қысым көріп қаңғырып кеткен

Жалаңаштанып жарнамаға түскен Айсәуле Бақытбекқызы халықтың сынына ілікті (фото)

Талқылау