Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үйден гөрі вокзал артық: Бозбала өгей әкесінен қысым көріп қаңғырып кеткен

Отбасындағы ұрып-соғулар көбейіп кеткендіктен 16 жасар бала өз қаражатымен Талдықорған қаласынан Алматыға көшіп кеткен. Ақшасы жолына ғана жетіпті: бала автовокзалда тұрып, тамақ қалдықтарымен ауқаттанған.

подросток0311

Алматы қаласы Әуезов ауданы ІІБ ювеналды полициясы “Сайран” автовокзалында үйінен қашып кеткен 16 жасар бозбаланы тауып алды деп хабарлады қаланың ІІД жергілікті полициясы қызметінде.  Баланың айтуынша, 2014 жылы қаңтарда әкесі қайтыс болған. Бұрыннан ішкілікке құмар анасы одан бетер араққа салынып, басқа бір ер адаммен бірге тұра бастапты. Жасөспірімнің сөзіне қарағанда, сол адам мас боп келіп баланы сабайтын болған, кейінен бұған анасы да қосылып қысым көрсетіпті. Сол кезде бозбала қашып кетуге бел буған екен.

“Өз қаражатымен бала таксиге мініп, мегаполиске қашып келген. Бірнеше күн вокзалда түнеп, тамақ қалдықтарымен тамақтанған. Кеше біздің инспекторлар баланы тауып алып, жасөспірімдерді уақытша бейімдеу орталығына алып барды. Сол жерде оны жуындырып, тамақтандырды. Ата-анасына қатысты нақты бір шешім шыққанға дейін бала сонда болады. Барлық қажетті іс-шаралар орындалғаннан кейін баланың әрі қарайғы тағдыры белгілі болады”, — деді ювеналды полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Лейла Әліпбаева.

Жіберіп алмаңыз:

Жалаңаштанып жарнамаға түскен Айсәуле Бақытбекқызы халықтың сынына ілікті (фото)

Ел арасында бит 500 теңгеден сатылып жатыр

Оңтүстік тұрғыны ойламаған жерден екінші әйел алып, екі әйелімен бір төсекте жатып жүр

Галстукты әдеттегіден ерекше әрі сәнді етіп байлай аласыз ба (фото)

Талқылау