Ел арасында бит 500 теңгеден сатылып жатыр

Сәрсенбі, 2 Қараша , 2016 18:20

Халық арасында адам денесінде тіршілік ететін бит гепатиттен арылтатыны жайлы сыбыс бар. «Айранға қосып ішкізген екен, ауруынан жазылып кетіпті» дегенді жиі естиміз. Ал бұл қаншалықты рас? Біз осы сұрақ төңірегінде ізденіп көрдік.

kak-izbavitsya-ot-vshej

Бұл тұрғыдағы сұрақтың алғашқысын біз бүгінде жасы 70-тен асып отырған отырарлық Саламат есімді әжемізге қойдық, деп жазады Замана газеті.

«Меніңше, биттің денсау­лыққа тікелей қатысы болуы әбден мүмкін сияқты. Өйткені бүгінде ел ішінде ауру-сырқау көп. Ал биттемек түгілі тірі бит көрдім деген адамды бүгінде қала тұрмақ, ауылдан да табу қиын. Бит адамның арам қанын сорып, қанды тазартуы әбден мүмкін ғой. Мен өз басым солай ойлаймын.

Бұрынғының емшілері сары аурумен науқастанған адамға көрсетпей, айранға бит қосып ішкізетін. Талай жанның осындай емнен кейін дертінен айыққанын есті­генбіз. Сол емшілердің сары аурудан сары аттың зәрі мен тезегіне шомылдырып айықтырғанын да көргенбіз», – деді бізге Саламат әже.

Ал Төлеби ауданында тұратын Дәлиша есімді бір туысымыз былай деді:

«Өзіме кім болып келетінін айтпай-ақ қояйын, мен битті таяу арада көрдім біреуден. Бірақ ол бұрынғы бит сияқты емес, мүлде басқаша. Бұрынғылар жалпақ, жатаған болатын еді ғой. Ал қазіргілер шымал сияқты болып кеткен, жіңішке, ұзын, бұрынғылар сияқты қауіп төнгенде қуыс-қуысқа қарай жанұшырып қашпайды, шабан қимылдайды. Қазір адамдар не болсын соны ішіп-жей беретін болды ғой, мүмкін биттер соны көтере алмай, тұқымы өзгеріп жатқан шығар».

Дәрігер не дейді?

Ал мамандар не дейді? Біз бұл сұрақты Шымкент қалалық жұқпалы аурулар гепоорталығының бөлім меңгерушісі Ләззат Шакиева ханымға қойдық.

«Бит сары ауруға ем болады деген сөз қисынға келмейді, – деді ол кісі. – Гепатит – жұқпалы, вирустық ауру. Оның жедел және созылмалы екі түрі болады. «А» деп белгіленетіні жедел-өтпелі түріне жататын болса, «В», «С», «Д» және «Е» деп белгіленетіні созылмалы түріне кіреді. Ол қан арқылы, жыныстық қатынас жолымен, кір қол, ластанған тамақ және залалданған су арқылы жұғуы мүмкін.

«Бит сары аурудан айықтырады екен» деген – ел арасында қалыптас­қан жаңсақ пікір. Дәрігер­лердің ешқайсысы сары аурудан айығу үшін науқас бит ішсін деп кеңес бермейді. Барлық тұрғындар жергілікті жердегі емханасына барып, дәрігерге уақтылы қаралып, биохимиялық анализ тапсыруы қажет және вакцина ектіру арқылы аурудың алдын ала алады».

Біреуін 500 теңгеге бағалапты

Біз осыдан кейін Интернет беттерін ақтарып көрген едік. Мынадай бір жай туралы білдік.

Таяуда «Тоныкөк.кз» сайтында Серік Жұмабаев есімді азаматтың «Бит сату да бизнеске айналды ма?» деген тақырыпта мақаласы жарық көріпті. Ол өз мақаласында Алматы қаласындағы «Көкбазардың» жанынан «Бит сатамын» деген жарнаманы көзі шалғанын, жарнама бойынша оны сау­далап жүрген қызды тауып алып, сұхбаттасқанын айт­қан. Әлгі қыз бір битті 500 теңгеден сатып жүр екен. Осы мақаласында Жұмабаев биттің сары аурудан айығуда түк те пайдасы жоқ екенін айтады. Ол бит сататын пысықайларға полиция қызметкерлерінің тос­қауыл қоюын да өтініпті.

…Біз бит туралы осындай жайларды естіп-білдік. Сосын оны саудалаушылар бізде де жоқ емес шығар деген оймен Шымкенттің Қырғы базарын барып көрген едік. Біз сұрастырған оншақты адамның көбі тіпті бит дегеннің не екенін де білмейтін болып шықты. Соған қарағанда, бит деген жәндік түп-тұқиянымен құрып кеткен-ау деп түйдік. Әлде мына заманда олар да азып-тозып, аса сирек кездесетін жәндікке айналып бара ма екен.

Жіберіп алмаңыз:

Оңтүстік тұрғыны ойламаған жерден екінші әйел алып, екі әйелімен бір төсекте жатып жүр

 

Галстукты әдеттегіден ерекше әрі сәнді етіп байлай аласыз ба (фото)

Үйірін қорғаған айғыр мотоцикл мінген жігіттерге сес көрсетті (видео)

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

9
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
1 ай 5 күні кері

Мен 4-5 жасар едим. сары аурумен ауыргам. Сол кезде маган айранга косып бит бергени емис есимде. казир шынымен биттер баскаша.

Анонимно
1 ай 6 күні кері

Шашын тықырлап алып тастап көріңіз жазда

Анонимно
1 ай 6 күні кері

Ия бар кыздарымнын басынан кетире алмац койдым бмр кенес бериндерши казирги турлери еш адиске конбейтин жанбиктер

Анонимно
1 ай 5 күні кері

Коп аптекаларда жок ресей продукциясы Педикулин спрей соны колданыныз жаксы комектеседи

Анонимно
1 ай 5 күні кері

Шаштарын бояңыз.

Анонимно
1 ай 5 күні кері

Вет. аптекада бар.Сұрасаңыз береді.бастың терісіне сүртіп шығасыз.үш күннен соң жуасыз.

Анонимно
1 ай 6 күні кері

Бит коп кызым садикке барады 1 жылдан асты али кетпид. Аптекадан арнайы шампундарнда алып пайдаландык еш натижеми жок. Калай кутлуга болад билмим уже

Анонимно
1 ай 6 күні кері

Керісінше бит көп

Жазира
1 ай 6 күні кері

Бит коп казыр

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар