Ғаламторда анасының кішкентай қызын аяусыз ұрып жатқан жантүршігерлік видео пайда болды
“Павлодарда анасы бұрынғы күйеуіне қысым көрсете отырып, кішкентай қызын аяусыз ұрып-соқты” деген жазбамен видео Іnstagram желісінің kazakh_video тобында жарияланды.

Әйел бүлдіршінді бетінен ұрып, қылқындырып жатыр. Ол жылауын тоқтатпаған бүлдіршінге “Аузыңды жап” деп қоқан лоқы көрсетуде. Әлдекімнен көмек бола ма деп елеңеген қыз бала сырт жаққа қарағыштай береді.
Видеодан әйелдің “Әжең мен сені ұрады деп ойлай ма?” деп айқайлады. Кішкентай қыз оның астарын түсінсе керек “Жоқ” деп жауап берді. Әбден таяқтан қорыққан бүлдіршін жылағаннан түк шықпасын білген соң тынышталып біраз отырып, сосын қайта жылай бастайды.
Желі қолданушылары қаніпезер әйелді тез арада жазалауды талап етуде.
Жіберіп алмаңыз:
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды