Намазын тастап кеткен жігіт: Жарты жыл бойы жындармен арпалыстым (видео)

Дүйсенбі, 24 Қазан , 2016 15:32

6 ай бұрын жынның арбауына түскен әнші жігіт жындардан қалай құтылғанын айтып берді.

вв

Бұл туралы «Еуразия» арнасындағы «Кешкі кездесу» бағдарламасында айтылды.

Сахнада өнер көрсетіп, ән салып жүрген Қуандық 35 жасында ішімдік ішіп, қолы қалт еткенде уақытын ойын-сауықпен өткізеді.

“Ем іздеп бармаған жерім жоқ, психиатрларға, балгерлерге де, емшілерге де қаралдым. Ешкімнің көмегі тимеді. Өз өзіңмен сөйлесетіндей халге жеттім. Жанымды 10-15 адам жүреді. Елдің бәрі менің кіммен сөйлесіп жүргенімді сұрайды. Өйткені олар менен басқа ешкімнің көзіне көрінбейді”, – дейді Қуандық.

Әбден әзәзілдің арбауына түскен жігіт жындардың бастапқыда таныс адамдардың даусымен сөйлескенін айтады. Оның айтуынша, жындар қараңғы түскен сәттен бастап азғыра бастайды. Тіпті оның түнімен ұйықтай алмаған кезі болған.

“Олар адамды қорқытады. Мені көліктің астын итермелеп, өздері күліп тұратын. Сондықтан көлік көп жүретін жерлерден қашатын болдым”, – дейді Қуандық.

Осындай жағдайлардан соң әнші жігіт өнерді тастап, сахнамен қоштасқан. Қуандық бұрын да намаз оқып, бірақ кейін тастап кеткен. Оның жыннан арылуына достары себеп болды. Қаскелеңдегі мешіттің имамына апарғанда Қуандық 4 рет қашып кеткен екен.

Қуандықтың ішіне жын кіріп кеткенін жақындары байқапты. Оның бойындағы өзгерістер ішіне жын кірген адамның сипатындай болған.

“Жындардың даусы анық естіліп тұрады. Мен қасымда отырған адамның өткенін біліп отыратынмын. Бірақ олар болашақты болжай алмайды”, – дейді ол.

Кейін намазға жығылған жігіт мұндай қайғылы жағдайды ешкімнің басына бермесе екен деп тілейді. Ол үшін дұрыс жолмен, таза жолмен жүру керегін айтады.

Жіберіп алмаңыз:

Ресейлік екі азамат жаңа танысқан бойжеткенді зорлап, соңынан оны жеп қойған

ОҚО-да 15 жастағы қыз өзінің ағасынан балалы болды

Күлекбаев жезөкшелерді «Аллаһтан қорықпасаңдар, бәріңді жарып жіберемін» деп қорқытқан

АҚШ-та әйел сәбилі болатынын босанардан жарты сағат бұрын білген

Әкесі Төреғалиге Ерке Есмахан үшін ренжулі екенін айтты

Қызды құтқармақ болып арбаға таңылған қазақ жігіті жарына алғыс айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
1 ай 16 күні кері

Жын деген бар нарсе жане адамга зиян тигзеди тузу журмесе арак тек жыннын кириуине себепкер болады.жыннын бар екенине сенбесе диннен шыгады ойткени жын Алланын жаратылысы оган. Сенбеу Аллага карсы шыгу деген соз

Анонимно
1 ай 16 күні кері

Арақ ішіңкіресін-сосын қайдағы жоқ жын дейді. Қазіргі арақталайдың өзін -жын қылып жатыр. Осы арақтан не түрлі қылмыс-өлім ,ұятсыздықтың бəрі шыққан уақыт болды. Жын болып тұрған-арақ десе қайтеді оданда?

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
11.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар