Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да 15 жастағы қыз өзінің ағасынан балалы болды

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Арунаны 11 жасынан бері өзінің ағасы зорлап келген. 15-ке толған шағында ол ағасынан жүкті болып, босанып алды.

мымы

Бұл туралы “Евразия” арнасы хабарлайды.

Зорлықшы ер адам қазір тергеуде отыр. “Қызымның өмірінің тас-талқаны шықты. Жасы болса небәрі 15-те” дейді анасы Жанатгүл Байелова. Арунаның тағдырының осылай өрбігеніне ол өзін кешіре алатын емес. Ол күйеуі қайтыс болғаннан кейін қызына әпкесінің үйінде тұруға рұқсат берген.

“Ол мені ұрып қорқытты. Егер біреуге айтатын болсаң үйден қуып шығамын дейтін. Екіқабат боламын дегенше бәріне төздім. Жүкті екенімді соңына дейін білмедім”, – дейді Аруна.

Әрине бұдан соң Аруна ол үйде қалмаған. Қазір бақытсыз отбасы жертөледе тұрып жатыр. Жиһаз атаулыдан үйінде тек шкаф, теледидар мен үстел ғана бар. Бетонды еденнің үстінде жатып жүр.

“Мұнда тым суық. Бәріміз ауырамыз. Газ плитасын қосып бөлмені жылытамыз. Күніне 20 минуттан ғана. Ал қыста бірнеше сағат бойы қосылып тұрады. Балалар бәрі аурушаң. Көрпе-төсектің өзі жетіспейді”, – дейді анасы. Ал балаларының бірде-бірінде құжат болмағандықтан отбасы ешқандай жәрдемақы да алмайды. Кіші баласы 6 жасар Бағдат мектепке бармағандықтан жазып-сыза алмайды.

Олардың жағдайынан хабардар болған “Аналар үйі” Аруна мен оның баласын өздеріне орналастыруға келісті. Аруна мұнда кәмелет жасына толғанша тұра алады. Бұдан кейін баспана алуға кезекке тұрмақ.

“Онда туу туралы куәлік, басқа да құжаттар мүлде жоқ. Бірақ біз әдеттегідей жұмыс атқара береміз. Құжаттарын қалпына келтіруге тырысамыз. Оның жәрдемақы алуы үшін бар жағдайды жасаймыз”, – деді координатор Жазира Сартаева.

Бұдан кейін отбасының жағдайымен танысқан білім бөлімінің комиссиясы Бағдатты мектепке тұрғызуға уәде берді. Сондай-ақ олар құжаттар бойынша да көмектеспек.

Оқи отырыңыз:

Күлекбаев жезөкшелерді «Аллаһтан қорықпасаңдар, бәріңді жарып жіберемін» деп қорқытқан

АҚШ-та әйел сәбилі болатынын босанардан жарты сағат бұрын білген

Әкесі Төреғалиге Ерке Есмахан үшін ренішті екенін айтты

Қызды құтқармақ болып арбаға таңылған қазақ жігіті жарына алғыс айтты

Талқылау