Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2019 жылдан бастап баланы 6 жастан мектепке беру міндеттеледі

«Білім туралы» ҚР заңының 31-бабына сәйкес 2019 жылдан бастап бала 6 жасында мектепке баруға міндетті болады. Бұл тәжірибе дамыған елдерде кеңінен қолданылуда.

zhas

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Сондай-ақ, 12 жылдық білім беру жүйесі «0 сынып (мектепалды даярлық)+11 сынып» принципі бойынша енгізіледі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жаңартылған білім мазмұны мен 12 жылдық білім беруге көшу» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары Зейнеп Мақсұтова мәлімдеді.

2016-2019 жылдарға арналған ҚР Мемлекеттік білім және ғылымды дамыту бағдарламасында 2019 жылдан бастап 12 жылдық білім беруге көшу көзделген. Баланы мектепке 6 жасында беру тәжірибесі ЭЫДҰ елдерінде кең тараған (21 мемлекет) және әлем елдерінің 60%-ына тән.

«Білім туралы» ҚР заңында елімізде баланы 11 жылдық мектепке беру жасы 6-7 жас болып бекітілген. Ал 2019 жылы баланы мектепке 6 жасында беруге міндеттейтін норма күшіне енеді («Білім туралы» ҚР заңының 31 бабы)», – деді ол.

Сонымен қатар, Зейнеп Мақсұтова 12 жылдык білім беру жүйесі қандай принцип бойынша жүргізілетіндігін айтты.

«12 жылдық білім берудің мәні – мектепке дейінгі сыныпты бірыңғай типті білім беру бағдарламасына енгізу. Яғни 5-6 жастағы балалар үшін 0-ші сынып енгізіледі (мектепалды даярлық). 12 жылдық білім беру схемасы бойынша «0 сынып (мектепалды даярлық)+11 сынып» принципі бойынша енгізіледі. Барлық сыныптарды жаңартылған мазмұнға көшіру 2020 жылға қарай аяқталады. 12 жылдық білім беру жүйесі кезең-кезеңімен енгізіледі. Яғни 2016 жылы – 1 сыныптар, 2017 жылы – 2,5,7 сыныптар, 2018 жылы – 3,6,8, 10 сыныптар, 2019 жылы – 4,9, 11 сыныптар көшіріледі.

Бұл ретте, қолданыстағы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары өзгертілмейді», – деді маман.

Жіберіп алмаңыз:

“Халал” алкоголь мұсылмандардың жағасын ұстатты

Үйден гөрі вокзал артық: Бозбала өгей әкесінен қысым көріп қаңғырып кеткен

Жалаңаштанып жарнамаға түскен Айсәуле Бақытбекқызы халықтың сынына ілікті (фото)

Ел арасында бит 500 теңгеден сатылып жатыр

 

Талқылау