Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нағыз батыр: Оралдық оқушы арқан тартыс ойынында табандылығымен көзге түсті (видео)

Арқан тартыс ойынынан өткен байқауда Айбатыр өз тобына жеңіс алып келу үшін барын салды. Күш-қуаты сарқылғанша арқанды тартқан жігіт табандылығымен көзге түсті. Орнынан құласа да, қайта тұрды, көзінен жас шықса да, дегенінен қайтпады.

Screenshot_5

Оралдық оқушы Айбатыр Мырзабеков республикалық «Мен – жеңімпазбын» байқауына қатысу үшін Петропавлға ат басын бұрды.

Балаларға арналған «Мен – жеңімпазбын» телешоуына қатысу – әр оқушының арманы. Бұл жылы жарыс Петропавл қаласында өтті, оған Қазақстанның әр аймағынан келген 200 оқушы қатысты. Бұл ойында балалардың жеңіске жетуге деген құлшынысы жоғары болуы тиіс. Айбатыр небәрі бес минуттың ішінде көрермендерді тамсандырып үлгерді. Оның көрсеткен өнері, көрерменге сездірген көңілінің әр күйі теңізге татитындай мол болды.

“Оралдан келген команда 1/8 финалында жеңіліс тапты, келесі кезеңге өтпеді. Бірақ осы топтағы бір жігіт біздің есімізде ұзаққа дейін сақталады. Өйткені кішкентай Айбатыр Мырзабеков бүкіл командасын тартып алса да, қызыл сызыққа келгенде орнынан тапжылмай тұрып алды. Алдымен бір орында тұрды. Одан кейін отырды, жатты, айқайлады, жылады. Бірақ берілген жоқ. «Мен жеңімпазбын» шоуының тарихында алғаш рет есеп тең түсті», – деп жазды жоба менеджері Ульяна Әшімова өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Жалпы бұл ойынның кульминациясы да – есептің тең түсуінде және бар күшін жұмсап, жерде шаршап жатқан Айбатырда болды.

Жіберіп алмаңыз: 

Астаналық оқушы ресейліктерді есте сақтау қабілетімен таңқалдырды (видео)

Ақтөбе облысында оқушы қыз оқуына 150 мың доллар ұтып алды

Өз қызын ұрып-соққан Әсел Төренің сот отырысы басталды

Тұңғышбай Жаманқұлов кінәсін мойындады

Баян Есентаева: жаным қатты ауырып тұр

Талқылау