Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық оқушы ресейліктерді есте сақтау қабілетімен таңқалдырды (видео)

Астаналық оқушы Максим Саруханов Ресей телеарнасындағы «Ғажап адамдар» («Удивительные люди») бағдарламасына қатысып, әділ-қазылар алқасын фотографиялық есте сақтау қабілетімен таңқалдырды.

максим окушы

Тоғыз жасар жеткіншек жүздеген қызыл және көк түсті шардан құралған матрицаны небәрі үш минуттың ішінде жаттап алған. Одан кейін көзін жұмып тұрып қай шардың қай жерде орналасқанын айна-қатесіз айтып берген.

Бағдарлама жүргізушісі Александр Гуревич Максим Сарухановты феноменді есте сақтау қабілетінің иесі ретінде таныстырды.

«Сыныптастарыңа үй тапсырмасын орындауға көмектесесің бе?» деген сауалға оқушы:

«Иә, көшіруге мүмкіндік беремін», – деп жауап берген.

Максим үш жылдан бері елордадағы UCMAS менталды арифметика халықаралық мектебінде білім алуда. Ұшқыр ойлы зерек бала менталды арифметика пәні бойынша республикалық жарыста жеңіске жеткен. Бұл жетістігі үшін оған Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің сертификаты табысталған.

«Талантты адам қай қырынан болса да талантты». 2013 жылы Максим Саруханов Астанада өткен эстрадалық вокал байқауында гран-при иегеріатанып, Сициялияда өткен Isola халықаралық ән бәйгесінде жеңіске жетті. Одан бөлек, би фестивалінде алғашқы тұғырдан көрінген жас дарын ресейлік «Голос» байқауында да өз бағын сынап көрді. Нәтижесінде «көрермен көзайымы» жүлдесіне ие болды. Бұдан өзге Максим шаңғы теуіп, дайвингпен айналысады.

Жіберіп алмаңыз: 

Үнді баласының иілгіштік қасиеті бүкіл әлемді таңқалдырды (фото, видео)

Тілін кәлимаға келтіріп, Аллаға мадақ айтқан тотықұс көпшілікті таңқалдырды (видео)

Қақаған қыс айында жалаңаяқ жүретін азамат елді таңқалдырды

Атыраулық 46 жастағы ер адам break-dance билеп таңқалдырды (видео)

Талқылау