Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

13 жастағы бала Қазақстандағы ең үздік бүркітші атанды

Алматы облысының тумасы 13 жастағы Бексұлтан Сейітжан «Қыран-2018» республикалық турнирінің барлық кезеңі бойынша ең көп ұпай жинап, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ақпараттық-спорттық ХАБ-қа сілтеме жасап Stan.kz.

Сурет: Ақпараттық-спорттық ХАБ

Жеңімпаз атанған Бексұлтан Сейітжанға сыйлық ретінде 200 мың теңге табысталды.

«Маған жарыс ұнады. Бұл жеңісті сыйлағаны үшін, құсым «Хан Тәңірге» алғыс айтамын. Әрине, құстардың барлығы жеңіске лайық емес. Бүгін біз ең үздік болдық. Қолыма қыран құсты қондырғаныма 5 жыл болды.  Қазір 13 жастамын. Ендігі басқа да жарыстарда бақ сынағым келеді», – дейді Бексұлтан Сейітжан.

Жарыста екінші орынды Ғабит Танат, үшінші орынды Мұратхан Дәулетхан иемденді. Оларға 150 мың және 100 мың теңгеден табысталды.

Қоян, түлкі және құс аулау бойын сайыстарға Қазақстанның 10 өңірінен 60 бүркітші қатысты.

«Ең жас қатысушы» номинациясында Әлғазиз Ғалымбекұлы және Ерсұлтан Жұмағұл (екеуі де Алматы облысынан) сыйлыққа ие болды.

Айта кетсек, мұндай турнир Алматыда 1988 жылы өтіп, 15 бүркітші қатысқан. Турнирде Қырғызстан, Түркіменстан тәрізді елдерден келген бүркітшілер де бақ сынапты. Аталған турнирді Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы және «Қыран» федерациясы ұйымдастырған.

Оқи отырыңыз:

ШҚО-да түлектердің бірі мектебіне 1 миллион теңгеге жабдықтар алып берді

300 әлде 1000? Ғалымдар Семей қаласының жасы жөнінде дауласып қалды

Екі қызды құтқарам деп пойыз астына түскен ер адамның жерлеуіне олардың туыстары да, полицейлер де бармаған

Әлия Назарбаева: Қызымнан кешірім сұрап, екеуіміз де жылап алдық (видео)

Талқылау