Әлия Назарбаева: Қызымнан кешірім сұрап, екеуіміз де жылап алдық (видео)
Әлия Назарбаева «Ұстазды іздеу» деректі фильміне түсті. Ол фильмде тұлғаның тәрбиесіндегі ұстаздың рөлі туралы айтып берді.

Деректі фильм Youtube-те жарияланды.
Биылғы жылы елордада Әлия Назарбаеваның қолдауымен Гуманистік педагогика мектебі ашылады. Мектеп жанында ата-аналар университеті де бой көтереді.
Ата-аналар мен ұстаздардың бірлесіп жұмыс істеуі әр оқушының қабілетін толықтай ашыуға мүмкіндік береді екен.
«Үлкен қызыммен әңгімелестім. Өмірімде бірінші рет қызымнан кешірім сұрадым. «Қызым, анаң да қателеседі. Мені кешірші, өтінемін», – дедім. Екеуіміз жылап алдық. Мұнан кейін ішімдегі кедергі еріп кеткендей болды. Екеуіміздің қарым-қатынасымыз жақсара түсті. Оған: «Егер мен дұрыс жасамасам немесе сіңлілерің мен інілеріңе әділетсіздік танытсам, сен де маған кеңес бер. Саған сырттан бәрі жан-жақты көрінеді ғой. Бірге тырысып көрелік. Байқайсың ба, мен де сендер үшін жақсы ана болуға тырысып жүрмін», – деп айттым», – дейді Әлия Назарбаева.
Оқи отырыңыз:
Өскеменде мас әйел әскери жасаққа пышақпен шабуыл жасады
Қазақстандықтар GetContact қосымшасының салдарынан қандай қиындықтарға тап болар еді?
Экс-депутат Әблязовтың зәулім сарайын көрсетті (видео)
Петропавл тұрғындары қала автобустарында жолақы төлеуден толықтай бас тартпақшы
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін