300 әлде 1000? Ғалымдар Семей қаласының жасы жөнінде дауласып қалды

Бір топ белсендінің Семей қаласының 300 жылдығын тойлау туралы ұсынысына қала әкімі Ермак Сәлімов пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қоғам белсендісі Николай Исаев шаһар басшысымен кездесуінде Семейдің 300 жылдығын атап өту қажеттігін алға тартты.

«Қаламызға инвестиция қажет. Оны тартудың бір жолы – қаланың мерейтойын тойлау. 300 жылдық дата талайдың назарын аударатыны сөзсіз. Осылайша біз қалаға жаңа инвестиция көздерін тартар едік, – деді Николай Исаев.

Ал қала әкімі Ермак Сәлімов бұл ұсынысқа қатысты өз ұстанымын білдірді.

«Мен бұл туралы ойымды бұрын да айтқанмын. Әуелі қаланың жасына қатысты деректі тұрақтандыру қажет.  Семейдің тарихы 1000 жылға жете ме, жоқ әлде 300 жылға жете ме, белгісіз. Нақты дәлелі табылғанша, қала күнін ғана тойлайтын боламыз. Семейдің әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін паш ететін шаралардың барлығы қыркүйектің соңғы жексенбісінде өткізілуі керек» – деді Ермак Сәлімов.

Қала тарихын зерттеушілер Семейдің жасына байланысты бір тоқтамға келе алмай жүргеніне талай болды. Амантай Исин сияқты тарихшылар қаланың тарихы 1000 жылға жететінін айтып, 1718 жылы қаладан қазақтар сыртқа көшірілгенін дәлелдеп бағуда. Жергілікті мұрағат ісінің мамандары Семейдің іргесі 1718 жылғы отарлаумен бірге қаланған деген пікірде.

Ал тағы бір топ Семейдің тарихы 800 жылды қамтиды деген нұсқа айтып жүр.

«Сәуір айында осы мәселеге байланысты ауқымды ғылыми конференция өткізу жоспарланған. Осы басқосуда ғалымдар бір тоқтамға келер деген үмітіміз бар» – дейді қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев.

Оқи отырыңыз:

Екі қызды құтқарам деп пойыз астына түскен ер адамның жерлеуіне олардың туыстары да, полицейлер де бармаған

Әлия Назарбаева: Қызымнан кешірім сұрап, екеуіміз де жылап алдық (видео)

Өскеменде мас әйел әскери жасаққа пышақпен шабуыл жасады

Қазақстандықтар GetContact қосымшасының салдарынан қандай қиындықтарға тап болар еді?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар