Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар GetContact қосымшасының салдарынан қандай қиындықтарға тап болар еді?

Okauto.kz (ЖЖЕ бұзғаны үшін онлайн түрде айыппұлды тексеру) жобасының негізін қалаған Әлібек Нарымбай  GetContact қосымшасына байланысты туындайтын қиындықтар жөнінде айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы ІТ маман Әлібек Нарымбай Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

GetContact қосымшасы Қазақстанда бұғатталғанына қарамастан, миллиондаған азаматтың деректері алынған әрі олар түрлі мақсатта қолданылуы мүмкін.

«Халық өзіне жаңа ермек тапты. Өзгенің ішкиімін ақтарудан жақсы не бар? …Біз өз командамызбен бірге бұл құбылысты бір күн бойы зерттеп,  «мұның бәрі неге әкеліп соғуы мүмкін?» деген сұраққа жауап іздедік», – деп жазды Әлібек Нарымбай.

ІТ мамандар командасы қосымшаның төмендегідей кемшіліктерін анықтаған.

1. Дербес ақпараттың телефон нөмірі арқылы қолжетімді болуы.

«OLX қосымшасын ашып, кез-келген хабарландыруды табамыз. Ол жерден сатушының телефон нөмірін алып, ол туралы барлық мәліметке қол жеткізе аламыз. Яғни оның аты-жөні, хоббиі, қызығушылықтары, отбасы туралы білуге болады. Тіпті кейде мекен-жайы мен қайда жұмыс істейті жөнінде біліп алуға болады екен. Яғни кез-келген адамның нөмірі арқылы ол туралы барлық мәліметке қол жеткізе аламын», – дейді Нарымбай.

2. Біреудің абыройына нұқсан келтіру.

«Мен кез-келген адамға ор қаза аламын. Мысалы, кез-келген танымал адамның телефон нөмірін алып, андроид платформасындағы смартофонға оны «Папик», «Жомарт әрі сүйкімді клиент», «Секс шебері» атаулармен сақтаймын. Мұнан кейін оған қосымшаны жүктеп беріп, рұқсат берсең болғаны. Оның абырой-беделіне нұқсан келеді. Тіпті сол үшін жұбайымен ұрсысып, ажырасуы да мүмкін», – деп жазады маман.

3. Коммерциялық мақсатта

«Ақылды компаниялар GetContact арқылы сіз туралы мәліметтің барлығын ала алады. Десе де қосымша аз уақыт жұмыс істегендіктен, олар сіз туралы барлық мәліметті көшіріп ала алмаған болуы мүмкін», – дейді Әлібек Нарымбай.

Алайда GetContact қолдануышлары қызы үшін жақындары, туыстары мен таныстарын «құлдыққа сатып жіберді».

«Иә, құлдық. Жарнамалық құлдық. Олар қоңырау шалып, хабарлама жолдап, ойына келгенін жасай алады. Біз қызыққұмарлығымыздың арқасында небары 2 тәуліктің ішінде GetContact қосымшасына өзіміз туралы ақпараттың 95%-ын бердік.

Ал бұл деректер миллиондаған ақша тұрады. Кез-келген компания телефон нөмірі арқылы қандай да бір ақпарат алу үшін мыңдаған доллар төлеуге дайын», – дейді ол.

Қосымша бұғатталғанға дейін, қызыққұмарлық «құрбандары» getcontact.com/en/unlist сілтемесі арқылы өзі туралы ақпаратты өшіре алатын еді. ендігі бұл сілтеме де бұғатталған.

Оқи отырыңыз:

Экс-депутат Әблязовтың зәулім сарайын көрсетті (видео)

Петропавл тұрғындары қала автобустарында жолақы төлеуден толықтай бас тартпақшы

GetContact-ке кірген деректер желіде тарап кетті

Біздің елде сот ғимаратын салсаңыз да ақшаңызды ала алмай қалуыңыз мүмкін  

Талқылау