"13 мамырда ұйықтамайсың": Жәнібек Әлімханұлы жанкүйеріне уәде берді
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) канадалық Стивен Батлермен (32-3-1, 26 КО) жекпе-жек алдында жанкүйерлеріне Twitter желісінде уәде берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.
Желіде жанкүйерлердің бірі Әлімханұлының соңғы жекпе-жегінде ұйықтап қала жаздағанын жазды.
“Бұл мені боксты енді көрмеуге мәжбүр етті. Алыс жүр", – деп жазды жанкүйерлердің бірі.
Бұл пікірге Әлімханұлы уәдемен сенімді жауап берді.
"Маған сеніңіз, 12 раундты мен де ұнатпаймын. Қарсыластарды нокаутқа түсіріп, жанкүйерлерді оятуым керек. Өте жақсы түсінемін. 13 мамырда ұйықтамайсың, уәде беремін", – деп жауап берді боксшы.
Еске салайық, Әлімханұлы мен Батлер жекпе-жегі 13 мамырда Стоктон қаласында (АҚШ, Калифорния) өтеді. Қазақстандық орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуін ортаға салады.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ