Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

120-дан астам Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелеріне Газа секторынан Мысыр арқылы шығуға рұқсат етілді

120-дан астам Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелеріне Газа секторынан Мысыр арқылы шығуға рұқсат етілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: newsland.com

Газа секторындағы шекара өткелдері бас басқармасының парақшасында, 14 қараша күні шетелдік төлқұжаты бар азаматтар Рафах бақылау-өткізу пункті арқылы эвакуацияланады деген ақпарат пайда болды.

Жарияланған тізімде Қазақстанның 122 азаматы бар. Оның 65-і Қазақстан азаматы және қалған отбасы мүшелері Палестина азаматтары.

Жалпы тізімде Мадлен есімді қыз бен оның анасы Ирина және әкесі Ғази Эль-Сұлтан да бар. Олар Газа секторына туыстарына қонаққа барған қазақтар. Бірақ аяқ асты соғыс басталып, босқындар лагерінде қалып қойған болатын.

Еске салайық, 13 қараша күні Сыртқы істер министрлігі Газа секторындағы 40 қазақстандықты эвакуациялау жоспарланып отырғанын айтқан еді.  Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияровтың сөзінше, 13 қараша 44 азаматтан тұратын бірінші топ эвакуацияланған. Оның ішінде 40 Қазақстан азаматы мен 4 шетелдік бар.

Талқылау