Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

12 жылға сотталған бұрынғы қорғаныс министрі Бектановтың үкімі өзгеріссіз қалды

12 жылға сотталған бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың үкімі өзгеріссіз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляция алқасы экс-қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа шыққан үкімді қайта қарап, шешім шығарды. 

"Әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасының қаулысымен үкім өзгеріссіз қалды және заңды күшіне енді. Сотталған Мұрат Бектанов жазасын Абай облысының Семей қаласындағы ең жоғары қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді", – делінген мамандандырылған ауданаралық әскери соты.

Еске салайық, былтыр, 21 ақпанда бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған еді.

Кейін Қаңтар оқиғасы кезінде бұрынғы министрдің заңсыз бұйрық бергені анықталды.

Айта кетейік, 9 наурызда бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 12 жылға сотталды.

Талқылау