11 автокөлік пен 12 жылжымайтын мүлік тәркіленген: Қазақстанда тендерге қатысу үшін жалған құжат жасағандар ұсталды
Фото: Қаржы мониторингі агенттігі
Алматы бойынша қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алуларға қатысу барысында жалған мәліметтерді пайдаланған адамдар тобына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тергеу барысында 2021 жылдан 2024 жылға дейін қылмыстық схемаға қатысушылардың жалған компаниялар арқылы құрылыс жұмыстарын жүргізуге арналған тендерлерде рейтингтерін көтеру мақсатында қолдан жасалған құжаттар мен жалған мәліметтерді пайдаланғаны анықталды.
Мұндай қызмет үшін ұйымдастырушылар 500 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін сыйақы алып отырған.
Заңсыз жолмен алынған жалпы табыс 664 миллион теңгеден асып кеткен. Бұл қаражатқа 11 автокөлік пен 12 жылжымайтын мүлік (5 тұрғын үй мен 7 жер учаскесі) сатып алынған.
Тергеу болжамы бойынша заңсыз әрекеттерден кейін бірқатар ұйымдармен жалпы сомасы 70 миллиард теңгеге жуық келісімшарттар жасалған. Төрт күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.
Шетелдік әйел Павлодарда бүйрегін сатпақ болған
Астанада 400-ден астам үлескер жоқ үйге 4,5 миллиард теңге ақша салып жіберген
Еске салайық, бұған дейін Астанада елден заңсыз ақша шығармақ болған әйелге 490 миллион теңге айыппұл салынды. Департамент мәліметінше, Ресейдің федералдық кеден қызметімен бірлескен іс-шаралар нәтижесінде, Қазақстаннан заңсыз ақша шығару үшін жауапкершілігі шектеулі серіктестік тіркеген азаматша анықталған.

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
