Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

105 жастағы Әсия Сардарбек АҚШ-та қайтыс болды

АҚШ-та 105 жастағы Әсия Сардарбек қайтыс болды. Бұл туралы Facebook-те журналист Дархан Өмірбек хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қызыл әскерден екі рет құтылып, Америкадан бір-ақ шыққан әжей Әсия Сардарбек дүниеден озды. Бұл туралы түнде оның келіні Фузия хабарлады.
"Кеше (27 қараша) сағат 5:20-да жүріп кетті. Балалары мен немере-шөберелерінің бәрі қасында болды" деп жазды ол.

Совет одағына дейінгі кезде туған, одақтың ыдырауынан кейін 30 жыл өмір сүрген Әсия апаның өмірінде қазақ халқының ғасырлық тарихы жатыр", - деп жазды автор. 



Айта кетейік, Әсия Сардарбек 1916 жылы Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында туған. Екі рет Қызыл әскерден қашқан. Біріншісінде, 1920 жылы әкесімен бірге ұжымдастыру кезінде қашқан. Ол 15 жасында Ауған патшасы Захирдің ұрпағы Амири Мұхамедке тұрмысқа шыққан. 

Қызыл әскерден екінші рет Кеңес Одағы Ауғанстанға әскерін кіргізгенде қашқан. Кейін Түркияда, Германияда тұрған. Өмірінің соңғы 40 жылын АҚШ-та өткізген. Қарттар үйінде тұрғанымен, АҚШ билігі 101 жасқа келгенде оған пәтер мен күтуші сыйлаған.

Талқылау