Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстандағы сайлау: Бес партия жетекшілері сайлауды қайта өткізуді талап етуде

28 қарашада Қырғызстанда жетінші шақырылымдағы депутаттар сайлауы – Жоғарғы кеңес өтті, деп хабарлайды 24.kg басылымына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Атамекен", "Реформа", "Социал-демократтар", "Азаттық", "Ұлттар бірлігі" партия жетекшілері бірігіп, ортақ мәлімдеме жасады.

Олардың мәлімдемесіне сәйкес, олар парламенттік сайлаудың нәтижелері фальсификацияланды, әртүрлі алаяқтыққа жол берілді деп мойындамай отыр. Саясаткерлер министрлер кабинетінің тез арада отставкаға кетуін, сондай-ақ адал қайта сайлануды талап етеді.

“Бұл сайлауды жарамсыз деп тану керек, әйтпесе біз халықаралық аренада масқара боламыз”, – деді "Ұлттар бірлігі" партиясының көшбасшысы Мелис Мырзакматов.

Басылым мәліметінше, ОСК сайтында ақау орын алды. Деректер қате жарияланған. Кейінірек Ортсайлауком депутаттарды сайлау жүйесі бойынша екі бағдарлама: жәшіктегі дауыстар санын автоматты санау жүйесі және деректер жинағы мен оларды көрсету бағдарламасы әзірленгенін түсіндірді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Жогору Кеңешке (Жоғарғы кеңес – ред.) алты партия өтіп тұр: "Атажұрт Қырғызстан", "Ишеним", "Ынтымақ", "Альянс", "Бутун Қырғызстан" және "Ыйман Нуру".

Талқылау