Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

100 жасқа келген қария ұзақ жасауының сырын сабырлы мінезімен байланыстырды

100 жасқа толған Ұлыбритания тұрғыны ұзақ жасауының құпиясымен бөлісті. Айтуынша, көңіл-күйдің тыныштығы оның ғасыр жасауына себеп болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Luton Today-ге сілтеме жасап.

Бедфордшир графтығына қарасты Лутон қаласында тұратын Луиза Пирсон 1922 жылы дүниеге келген. 14 жасында мектепті тастаған ол наубайханаға жұмысқа тұрған. Ал екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фермада қызмет еткен. 

"Бұл өте ауыр бірақ керемет жұмыс еді", - деп еске алады қария. 
Соғыстан кейін Пирсон үй тазалаушы болып қызмет атқарып, қызын тәрбиелеген. Айтуынша, ұзақ жасауының сыры позитивті психологиялық қалыпты сақтай алуында. 

"Мен ештеңеге алаңдамаймын. Әрі қарай өмір сүруді жалғастырып, жиірек күлімсіреу керек", — дейді қария. 



Пирсон жас кезінен музыка мен биді ұнатады. Жыл өткен сайын әжейдің талғамы өзгереді, алайда ол ұзақ уақыттан бері шведтік ABBA тобының фанаты болып табылады. 

Жуырда мерейтойын атап өткен Пирсонның қуанышына ортақтасуға қызы мен екі немересі, сондай-ақ, достары келді. 

Назгүл Әбушәріпқызы
Бейсенбі, 17 Наурыз, 2022 12:21
Талқылау