Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

10 млн теңгеден беріледі: Қазақстанда 182 дәрігер коронавирустан көз жұмды

ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанда жыл басынан бері коронавирустан көз жұмған ақ халаттылардың санын атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

дәрігер

Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды. 

"Соңғы шешім қабылданды, қаза болған медицина қызметкерлерінің барлығының отбасыларына/жақындарына 10 млн теңге көлемінде өтемақы төленеді. Осы аптаның соңына дейін ақша өтінім берушінің банктің есепшотына түседі. Қазақстанда коронавирус індетіне басталғаннан бері 182 ақ халатты абзал жан өмірден өтті", - деді Бағдат Қожахметов.

Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда дәрігерлерге жәрдемақы төлеу кезінде бюрократиялық кедергілер әлі де жасалып жатқанын айтқан еді. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 12 Қазан, 2020 15:41
Талқылау