Айтыскер Сырым Әуезхан екі айлығында тастап кеткен әкесімен жақсы қарым-қатынаста екенін айтты
Сырым Әуезхан “Менің өмірім” бағдарламасында балалық шағы мен ата-анасы туралы ашық айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
©instagram.com/syrym_auyezkhan
Айтыскер ақын Қостанай облысы Әулиекөл ауданында дүниеге келген, балалық шағы Астана қаласында өткен. Тек анасының тәрбиесінде өскен ол ата-анасының белігілі бір себептерге байланысты екі бөлек кеткенін айтты. Алайда, бұл жағдай әке мен бала арасындағы теріс қарым-қатынаста болуына еш әсерін тигізбеген.
“Анамның тәрбиесінде өсіп, жетілдім. Әкемнің көзі тірі. Сол кездегі белгілі бір жағдайларға байланысты әкем менің тәрбиеме толықтай атсалыса алған жоқ. Менің екі айлығымнан бастап әкемнен бөлек тұрамыз. Бірақ әкеммен қарым-қатынасым жақсы. Бүгінде ол кісімен кездесіп, немерелерін көрсетіп, байланысып тұрамыз. Ер азамат болғаннан кейін әке алдындағы парызымыз болғандықтан Қостанайдағы туыстарымызбен байланысымызды үзбеуге, сол кісінің разылығын алып, қуантуға тырысамыз”, – дейді Сырым.
Ақынның айтуынша, оның әкесімен жақсы қарым-қатынаста болуына анасының ықпалы зор.
“Менің анамның ерлігі десе де болады, маған ешқашан әкемді жеккөрінішті еткен емес. Адамдардың кейде екі жаққа кетуі – қалыпты нәрсе. Бұл жағдайға менің ата-анам немесе айналасындағы адамдардың кінәсі емес. Бұған енді қалыптасып келе жатқан қазақ қоғамының сол кездегі хәл-ахуалы әсер етті деп ойлаймын”, – деді айтыскер.
Сырым анасының жалғыз баласы болса да, әкесінің екінші отбасынан тағы екі бауыры барын жасырмады.

"300 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін барады”: Қазақстандықтар өлімнен кәсіп істеп отырғандардың әрекетіне наразы
