Үйінен қашып, із-түзсіз жоғалып кеткен екі жасөспірім Алматы облысынан табылды
Талдықорғанда полиция кәмелетке толмаған 2 жасөспірімді іздестіріп жатқан болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат
Облыстық Ішкі істер департаментінен мәліметінше, 14 жастағы екі жәсөспірім мен 17 жастағы бозбала ата-аналарының үйінен қашып кеткен екен.
«Үйінен қашып кеткендердің бірі 2003 жылы дүниеге келген. Ол Алматыдағы базарлардың бірінен табылды. Жасөспірім өзі қатарлас балалармен бірге екі апта бойы қаңғырып жүрген. Полициядағылар оның үйінен бұрын да қашқанын және осындай әрекетке 6 рет барғанын айтты»,-деп хабарлады тәртіп сақшылары.
Ал 7 күн бұрын жоғалып кеткен екінші баланы полицейлер облыс орталығындағы компьютер клубтарының бірінен ұстаған. Белгілі болғандай, жасөспірім компьютер ойындарына құмар болып шықты және үйінен кеткелі бері достарымен компьютер ойнап жүрген.
2003 жылы дүниеге келген оқушы қыз да бұрын үйінен қашқан. Ол 13 күн бойы қалада қаңғып жүріп, полиция қызметкерлері арнайы ұйымдастырған рейд барысында ұсталған.
Ювеналды полиция қызметкерлері қашқындардың үшеуін де тексерді. Тексеріс нәтижесі бойынша, балалардың ата-аналарына қатысты әкімшілік бағыттағы ықпал ету шаралары қолданылады.
Оқи отырыңыз:
ШҚО-да киіміне ақша жапсырып алған жас жігіт көшеге шығып, жұртқа ақша таратты (фото)
Жаңаөзенде үйі өртеніп, баспанасыз қалған жалғызбасты ана көпшіліктен көмек сұрады
Астана әкімі қаланың су тасқынға дайындығын тексерді
Іздеуде болған ресейлік қылмыскер Көкшетаудағы қаңғыбастардың арасынан ұсталды