Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында дронға ұқсас белгісіз бөлшектер табылды

Атырау облысында белгісіз дрон табылдыФото: freepik.com

Атырау облысының Құрманғазы ауданында тағы да ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі бөлшектер табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фрагменттер шекараға жақын, далалық жерде табылған.

Атырау облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, табылған зат бойынша тексеру жұмыстары басталған.

"Құзырлы органдармен бірлесе отырып, сыртқы келбеті дрон бөлшектеріне ұқсайтын объектіге қатысты тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Объект дала аймағынан табылды. Залал мен зардап шеккендер жоқ. Барлық дерек пен мән-жайлар анықталып жатыр", — делінген хабарламада.



Бұл өңірдегі бірінші рет болып отырған жағдай емес. 22 маусымда Қоныртерек ауылы маңында да ұшатын аппаратқа ұқсайтын белгісіз зат табылған еді. Ол кезде облыстық әкімдік оқиға орнына арнайы комиссия жіберілгенін хабарлады.

Еске салсақ, осыған дейін БҚО-да да үшінші рет белгісіз дрон табылған еді. 

Гүлсезім Мұхатай
Сенбі, 05 Шілде, 2025 08:43
Талқылау