Тоқаев Алжир Республикасын тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: Ақордадан
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алжир Республикасын тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақоданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Алжир президенті Әбделмәжид Теббунға жеделхат жолдады.
“Президент Алжир мемлекетінің өсіп-өркендей беруіне тілектес екенін жеткізді. Сондай-ақ Қазақстан мен Алжир арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген серіктестік екі ел халықтарының игілігі үшін одан әрі нығая беретініне сенім білдірді”, – делінген хабарламада.
Тоқаев бұған дейін Дональд Трампты тәуелсіздік күнімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тілеген еді.
Талқылау

"Биатлоннан футболға дейін": Жоғары аудиторлық палата миллиардтаған қаржы бөлінсе де, медаль әкелмеген спорт түрлерін атады
Спорт саласында жалпы 17 миллиард теңге көлемінде заңбұзушылық анықталған

"Бала сүймедік": Қажылыққа жинаған ақшасын мүгедек балаларға бөліп берген қария өмірінен сыр шертті
Қария үлкен қажылыққа емес, кішісіне баратын болды