Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жезқазғанда Gelandewagen мінген жастар той кортежін жасау үшін тәртіпсіздікке бой алдырды (видео)

Жезқазған қаласына жақын маңдағы жолдардың бірінде куәгерлер Gelandewagen тізгіндеген той кортежінің әрекетін таспаға басып алған.

Безымянный

Онда Gelandewagen” терезесінен сыртқа шыққан 15 адам жол бойында тәртіп бұзушылық әрекеттер жасап, тіпті қарсы бетке де жиі шығып кетіп отырғаны анық байқалады. Мұның барлығын тағы бір ереже бұзғыш Mercedes-Benz W124 терезесінен сыртқа шығып тұрған той операторы да түсіріп тұрыпты.

Бейнежазбаның арқасында Қарағанды облыстық полицейлері жол ережесін бұзған жастарды тауып, оларға айыппұл салған.

“Mercedes-Benz G-Класс автокөлігінің алты жүргізушісіне айыппұл салынды. Көлік айдаған барлық адамдардың кім екенін анықталып, олардың әрекеттеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Үш ереже бұзушыға 5 АЕК көлемінде айыппұл төлеу міндеттелсе, екеуіне 10 АЕК айыппұл салынды. Ал біреуі жүргізуші куәлігі үшін қайта емтихан тапсыруы тиіс”, – деп атап көрсеткен Motor.kz порталы.

Талқылау