Велошабандоз Артем Захаров Рио Олимпиадасына жолдама алды

Сейсенбі, 15 Наурыз , 2016 13:59

Велотрек бойыншат Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Артем Захаров көпсайыста Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиадаға жолдама жеңіп алды.

20160315114501

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қазақстан Велоспорты федерациясының баспасөз қызметінен атап өткендей, велоспортта Олимпиада ойындарына тікелей жолдамалар жоқ, ал іріктеу квалификациялық жүйеге сәйкес жүзеге асырылады.

Соңғы екі маусым бойы қазақстандықтарды түрлі деңгейдегі халықаралық жарыстар, соның ішінде Азия және Әлем кубоктарында жоғары нәтижелерімен қуантқан Артем Захаров Олимпиаданың үздік 18 спортшысының рейтингіне кірді. Осылайша, қазақстандық трекшілер Афины-2004 олимпиадасынан бері алғаш рет басты додаға қатыспақ.

20160315114518

Бүгінде Қазақстанның қоржынында 50 олимпиадалық лицензия бар екенін атап өтейік.

2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары 5-21 тамыз күндері Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өтеді.
Артем Захаров – омниумда 2013 жылғы Азия чемпионы, Азия кубогының иегері, 2013, 2016 жылғы Әлем кубогының қола жүлдегері, Азия чемпионатының қола және күміс жүлдегері.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
17.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар